302
қазақ
ұлтынан боксшылар, шығыс
жекпе-жектерімен айналысушылар-
дың әлемдік деңгейдегі биіктерге
көтеріліп, шыдамдылықты талап ете-
тін алысқа жүгіру, коньки, шаңғы,
т.б. спорт түрлерінде үлкен жетістік-
терге жете алмауы.
Ақкөңіл, қонақжай, кеңпейіл мінез-
бен қатар, берекесіз,
салғырттық,
бос сөздік те қатар жүреді. Ел басы-
на күн туғанда «ой кеттік, әкесінің...
мәнті жейік» деп те жүре береміз.
Интернационализм жақсы қасиет
болғанмен, қазақтың интернациона-
лизмі шектен шығып, кейде жүрекке
тиетін жағынуға да айналып ке-
теді. Осылардың төркінін Әуезов
мақалаларын барлап қарағанда ай-
қын көреміз. Ж.Аймауытов пен М.Әуе-
зов мақалаларында көтерілген этно-
психологиялық
мәселелердің тағы
бір саласы – қазақ ауылының әлеумет-
тік құрылымы.Қазақ ауылындағы не-
гізгі мал иесінің функциясы мен ма-
лы аз немесе малы жоқтардың функ-
циясы анықталып, тіпті қазақ ауы-
лын біріктіріп ұстап тұрған генеа-
логиялық, әлеуметтік-шаруашылық
себептердің сырын ашады. Осы бағыт-
та қазақтағы жуан ауыл, нашар ауыл
ұғымдарын анықтап, бұл ауылдар-
дың қарым-қатынастарындағы әлеу-
меттік, құқықтық жағдайлар мен қақ-
тығыстардың себептері мен нәтиже-
лерін нақты мысалдармен талдайды.
Бұл тұрғыда «келімсек»
ұғымының
мәнін ашқан және жерсіз қазақтар-
дың әлеуметтік жай-күйі жайында
құнды деректер келтірген. Осы ав-
торларды жас кезіндегі мақалалары-
ның ішінде ең күпті көңілмен жа-
зылғаны 1918 жылы «Абай» журна-
лының 12-санында шыққан «Өліп
таусылу қаупі» атты мақала. Ресей-
дің империялық, отаршылдық саяса-
тының кесірі барынша ашылған бұл
мақалада
отаршылдық саясаттың
әсерінен империя көлемінде кейбір
ұлттардың ұлт ретінде мүлдем жо-
йылып кеткенін, кейбір ұлттардың
жойылу алдында тұрғанын көрсет-
кен. Мақалада кез келген этнос өзі-
нің
этникалық ерекшеліктерінен,
жетекші шаруашылығының дағдылы
үй-жайының ас-суынан салыстыр-
малы түрде жылдам ажыраса, жа-
ңа жағдайға бейімделу ыңғайы өз-
герістер қарқынына ілесе алмаса, фи-
зиологиялық, тұрмыстық, рухани
індетке ұшырап, құруға айналатыны
теориялық
тұрғыдан тұжырым-
далған.
Мысал ретінде Ресей империясының
құрамындағы біраз Сібір халықта-
рының ұлт ретінде жоғалып кеткені,
самоед, остяк, чукча, камчадап ха-
лықтарының жоғалу алдында тұрға-
ны алынған. Авторлар «міне, осы
аянышты халдің барлық белгілері
қазіргі қазақ ішінде білініп келеді», –
деп, әрі қарай, қазақ арасында қы-
сыммен телінген,
еріксіз қабылдан-
ған тұрмыстағы өзгерістер себепті
ел арасында жұқпалы індеттің етек
алып бара жатқанын еске салады.
Белгілі бір географиялық аймақты
мекендеп, гендік құрылымы үйрен-
шікті климатқа, ауа-райына қалып-
танған,
ғасырлар бойы мекен еткен
баспанасы, микроклиматы, ғасырлар
бойы ет пен сүт тағамдарынан жаса-
латын ас-суы, іс-әрекеті тарихи тұр-
ғыдан алғанда жылдам өзгергенде эт-
нос организмі бұған сай жылдам-
Достарыңызбен бөлісу: