Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет318/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


305
баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, 
әлпештеді. Оны әдемілік пен әдепті-
ліктің, сұлулық пен іңкәрліктің симво-
лы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жі-
гітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін 
болды. Қоғам өмірінде қазіргі кезде
жүріп жатқан терең саяси-экономи-
калық өзгерістер халқымыздың баға 
жетпес рухани байлықтары: тіл мен 
ділі, діні мен тарихы, өнері мен әде-
биеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен 
шаруашылығына (қолөнері, киім-
кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй
жиһазы т.б.) байланысты небір асыл-
дарды, қысқасы, бүкіл болмыс-біті-
мін (менталитетін) жаңартып, жаңа 
мазмұнмен байытуда.
Әрине, еліміз бен жеріміздің түпкі-
лікті иегері – қазіргі қазақтардың жа-
ңа психологиясында осы этносқа ға-
на тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар 
деп айту қиын. Өйткені, қазақ этно-
сының қазіргі бүкіл тыныс-тіршілі-
гінде, от басындағы әдет-ғұрпы мен
салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жорал-
ғысында кеңбайтақ өлкемізді біраз-
дан бері мекендеп келе жатқан басқа 
этностар мінездерінің элементтері 
де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз 
біреулер айтып жүргендей, біз жыл-
қы мінезділіктен айырылған, «қой 
мінезді» момын, жуас, намысы жан-
шылған халық емеспіз. Жеріміздің 
ұлан-ғайыр кеңдігімен, мұндағы та-
биғат сұлулығының әсерінен ғасыр-
лар бойы қалыптасқан дарқан жо-
марттылық, адамға деген мейірім-
ділік пен өнерпаздық, қазақ биосфе-
расының өзіндік ерекшелігінен туын-
даған асқан қонақжайлылық, жойқын 
соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау 
салдарынан тырнақтап жинаған ру-
хани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу 
ниетінен қалыптасқан балажанды-
лық, үнемі мал шаруашылығымен 
айналысумен қанымызға сіңген мал-
жандылық, еш уақытта басқа жұрт-
тың жеріне көз алартпаған бейбітшіл 
саясат, өзі тиген дұшпанының қа-
бырғасын қақыратқан көзсіз батыр-
лық, «мың өліп,
 
мың тірілген» кез-
дердегі керемет шыдамдылық пен 
барға қанағатшылдық – біздің ұлт-
тық мінезіміздің жоталы бітістері, 
халқымыздың ұлттық мақтанышы.
«Бұрынғы уақытта, – деп жазды Ж.Ай-
мауытов пен М.Әуезов «Қазақтың 
өзгеше мінездері» деген мақаласын-
да – қазақ елі ұйымшыл, ері жауын-
гер, биі әділ, намысқор, адамы ірі
бітімді, қайратты, сауықшыл ел бол-
ған екен. Досымен достасып, жауы-
мен жауласуға табанды, қайғыра да 
қуана да білетін халық екен» – дейді 
(Алаш, 1917, 30 наурыз, N16). Қазіргі 
ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді 
ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас
өскіндер гуманистік рухта тәрбие-
ленгендері дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет