312
шыны басқа сыныпқа не мектепке
ауыстыруға тура келеді. Жағдайды
өзгертумен бірге қайта тәрбиеленуші-
нің сезімін оятып, жалпы тәртібіне
әсер ететіндей жұмыстар жүргізіледі.
Педагог-тәрбиеші баланың құпия
жатқан сырын ашып, оның көмескі
қызықтайтыны не нәрсе екенін анық-
тайды. Оқшау мінез, дағдылардың
қалай, неліктен пайда болғандығына
көз жеткізеді. Қайта тәрбиелдеуде
сендіру тәсілі, ұжымның үзілді-ке-
сілді талабы және т.б. маңызды рөл
атқарады. Осылай ықпал етудің нә-
тижесінде пайда болған ішкі өзгеріс
қайта тәрбиелеудің бастамасы бо-
лып табылады. Кейінгі өзгерістер пе-
дагогтардың, ұжымның қайта тәр-
биелеушіні қалай дұрыс бағытқа са-
лып еліктіріп әкетуіне байланысты.
Тәрбиенің нашарлығынан, ортаның
кері ықпалынан теріс жолға түскен
адам тәртібі кейде қоғам мүддесіне
қарсы сипат алады. Мұндай жағдай-
да ықтиярсыз Қ.т. жұмысы жүргізі-
ліп, арнаулы мекемелерде педагоги-
калық ықпал етудің арнайы шара-
лары қолданылып, ерекше педаго-
гикалық режим жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: