ҚАзДАУЫСТЫ ҚАзЫБЕК ӘЛІ-
БЕКҰЛЫ (1667-1764)
. Орта жүздің
биі. Оның толғауларында қазақ пси-
хологиясына қатысты көптеген мәсе-
лелер сөз болады. Мәселен, ол жас
ұрпақтың тегіне, тұқымына тартып
туатынын сөз етеді, («Бір бала бар –
атаға жете туады, бір бала бар – ата-
дан өте туады, бір бала бар – кері ке-
те туады», «Атадан жақсы ұл туса,
ерінің туы болады, Атадан жаман ұл
туса, көшінің ең соңы болады» т.б.).
Ол халқымыздың ағайын-тума, жек-
жат-жұрағат қарым-қатынастарына
байланысты терең түйіндер айтқан
(«Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы
болса, апайың жақын, Бауырмал
болса, інің жақын, Инабатты болса,
келінің жақын, Алдыңа тартқан адал
асын, Қимас жақын – қарындасың,
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын» т.б.). Ор-
та жүздің ұлы биі отансүйгіштік, пат-
риотизм мәселелеріне ерекше көңіл
бөлген («Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат, Туып
өскен елің қымбат, Кіндік кескен же-
рің қымбат, Ұят пенен ар қымбат»
т.б.). Қазыбек бидің 15 жасында Қал-
мақ еліне барғанда айтқан отансүй-
гіштік сөзінің өзі қазіргі біздерді қай-
ран қалдырады («Сен қалмақ болсаң,
біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, Сен
темір болсаң, біз балқытқалы келген-
біз, Қазақ-қалмақ баласы табысқалы
келгенбіз, Танымайтын жат елге та-
нысқалы келгенбіз...Сен қабылан бол-
саң, біз арыстан, алысқалы келген-
біз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Бер-
месең дірілдемей жөніңді айт, Не
тұрысатын жеріңді айт т.б.).
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ
–
(бейнелеу,
елестету, еске түсіру)
1) қайта жаңғырту еріксіз және ар-
найы болып екіге бөлінеді. Еріксіз
қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мыс.,
музыканттың белгілі ән-күйлерді күн-
де орындауы. Арнайы қайта жаңғыр-
туда белгілі мақсат болады. Оған адам
өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы
әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қа-
былдағандарын қайта жаңғыртып,
жүзеге асырады. Жаңғырту бейне
түрінде де болады. Бұрын қабылдан-
ған нәрселер мен қазір жоқ көрініс-
тің бейнесі еске түседі. Соған орай
көрген нәрсенің бейнесі көзге елес-
тейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құ-
лаққа келеді. Қабылдау үрдісіне бір-
неше талдағыштар қатысады. Елес-
теулерді сөзбен айтып та, пікірлер
мен ой қорытындылары арқылы да
тудыруға болады.
2) Елестету ес үрдісі. Біз бұрын қа-
былдаған, ал қазір оймен қайта жаң-
ғыртып отырған заттар мен құбы-
лыстардың бейнесі елес деп аталады.
Елестетулер жалқы және жалпы си-
патта да болады. Бір ғана нәрсені
елестету – жалқы, ал жалпы елесте-
ту – тектес, ұқсас нәрселерді жеке-
жеке қабылдау нәтижесінде пайда
болатын бейнелер. Жалпы елестету-
лердің тұрақтылығы, анықтығы жал-
қы елестетулерге қарағанда, солғын,
көмескі болады.
Адамның тікелей сезімдік танып бі-
луі мен абстрактілі ойлау арқылы
танымы арасындағы жалғастырушы
көпір – елес деуге болады. Өйткені,
елес ойлау әрекетінде нәрселер мен
құбылыстардың сан алуан қасиет-
белгілерінен елестеген жалқы нәр-
сенің қасиет ерекшеліктерін ғана
жалпылап тануға бейімдеп отырады.
Қайталау – қандай да бір материал-
Достарыңызбен бөлісу: |