317
риториясын мекендеген халықтар-
дың
тарихы мен әдет-ғұрпы, салт-
санасы, әдебиеті мен мәдениеті жө-
нінде қызықты мағлұмат беретін та-
маша мұра, деп жоғары бағалайды.
Расында да автор сөздікке халықтың
ауыз екі шығармаларын, фольклор-
лық материалдарды, әсіресе,
нақыл
сөздерді, мақал-мәтелдерді мол ен-
гізген. Ерекше ескерерлік бір жайт –
ондағы кейбір сөз тіркестері мен
мақал-мәтелдердің, қанатты сөздер-
дің осы күнгі тілімізден де көптеп
кездесетіндігі.
Бұл жөнінде профессор Е.С.Малов
былай дейді: «Диван...» –
халық
сөздерінің (өлеңдерінің) мол қойма-
сы... Онда үш жүзге жуық халық
өлеңдерінің төрт жолдық шумағы,
термелер мен жұмбақтар, көптеген
мақал-мәтелдер бар.
Осы тұрғыдан
қарағанда «Диван...» жай сөздіктен
гөрі әдейі құрастырылған ғылыми
хрестоматияға көбірек ұқсайды. Бұлар-
дың бәрінен де Махмуд Қашқари за-
манындағы түркі тілдес халықтар-
дың қоғамдық өмірі мен рухани бей-
несінің сан-саласын қамтитын мате-
риалдар, атап
айтқанда, этнография
мен халық медицинасы, материалдық
ескерткіштер
мен географиялық су-
реттеулер, астрономиялық атаулар та-
ғы басқа осы іспеттес ғылыми мәлі-
меттер көптеп кездеседі.
Ғалымдарымыз «Сөздіктің» осы күн-
гі түркі тілдеріне қандай қатысы бар
деген сұраққа «Диванды» да қазіргі
туысқан түркі тілдерінің бәріне бір-
дей ортақ мұра деп қараған дұрыс,
деп жауап береді.
«Диванда» да «Құдатғу білік» сияқ-
ты моралдық – этикалық дүние та-
ным, саясат мәселелеріне байланыс-
ты ортақ пікірлер кездеседі дедік.
Мәселен, «Құдатғу біліктегі»: «Сараң-
дықтан кедей болған адамды телегей
теңіздей дүние де байыта алмайды»,
«Өлімнен қашып құтылмайсың» дей-
тін нақыл сөздерге «Диваннан» «тас
жүрек, без бүйрек адам тоймайды да,
дүние қоңыздылығын қоймайды»,
«Өлім желкелеп тұрса, одан қалай
қашып құтыларсың», деп келетін осы
іспеттес
ұқсас баламаларды көптеп
табуға болады. Зерттеушілер «Құдат-
ғу білік» пен «Диванның» тіл ерекше-
ліктерін салыстырғанда екеуінің де
түркі тіліне, әсіресе, фольклор үлгісі-
не сәйкес келетінін ерекше атап өте-
ді. Мәселен, «Дивандағы» өлеңдерде
батырдың күші – қасқырға, момын-
дар қойға теңелсе, «Құдатғу
білік-
те» де батырдың күші – қасқырға,
айбары – аюға, табандылығы – өгіз-
ге теңестірілген. Ал бұлардың мораль-
дық-этикалық мәселелерге байла-
нысты тақырыптарында да бірін-бірі
қайталайтын ұқсастықтар баршылық.
Мәселен, «Дивандағы», «Ешкім де
мәңгі өмір сүрмейді», «Адамға дәу-
летпен даңқ дұшпан», «Жақсы киім
болса өзің ки», «Жоғалған затқа қай-
ғырма», «Құрмет қылсаң қонаққа, аса-
ды даңқың халқыңа», «Тіліңе сақ бол-
ғайсың», «Әдеп алды – тіл», «Ұлым
менен үгіт үйрен, тәлім ал», «Ел іші-
не білім тарат, ғалым бол», «Қеңесті
іс келісе береді, кеңессіз іс кері ке-
теді», «Үлкен кісі шақырса, тез бар»,
«Ата-анаңды тыңда,
сөзін жерге
тастама», «Кісі аласы ішінде, жылқы
аласы сыртында» т.б. осы іспеттес
тәлім сөздер мағына жағынан да, фор-
ма жағынан да «Құдатғу білікпен»
егіздің сыңарындай ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: