325
тілік пен инабаттылықтың тамаша
көрінісі деп түсінеді. Қазақ халқының
жомарттығы мен мырзалығы туралы
айтқандары да тәлім-тәрбиелік жағы-
нан аса маңызды.
Қазіргі
нарық экономикасына көшу
кезеңінде елімізде меценаттық дәс-
түрдің үрдісін түсіне алмай, табысқа
белшесінен батып жүрген қалталы-
ларға X.Дулатидің әсіресе мына сөз-
дері арнап айтылғандай: «Менің жақ-
сы көретін екі атым бар, ол екеуі де
бір, қалған жылқым да бір... Біз саха-
ралық
адамдар бір ғана жылқының
күшімен тіршілік етеміз. Маған бұл
екі аттан өзге ешбір ат сенімді емес.
Бірақ, Сіз ең қадірлі меймансыз ғой,
сондықтан таңдаған біреуін алыңыз».
Бұрынырақта қазақ ауылдарына қо-
нақтар есепсіз көп келіп жататын.
Әрине, олардың арасында сыйлысы
да, қадір-қасиеті кемдері де кездесе-
тін. Бірде әрі батыр, әрі шешен Сы-
рым Датұлы (1725
-
1802) үйіне қо-
нып
отырған сыйлы қонағы, белгілі
Төленді биден: – Биеке! Қазақтың
қонағы неше түрлі болады, соны айы-
рып беріңізші
–
деп өтінген екен. Сон-
да би: – Қазақта төрт түрлі қонақ бар.
Олар:
арнайы қонақ, құдайы қонақ,
қыдырма қонақ және қылқыма қо-
нақ,
–
деп жауап беріпті. – Ал, олардың
бір-бірінен қандай айырмасы бар? –
деп сұрағанда, Төленді би мұны әр-
мен қарай былай деп түсіндіреді:
Арнайы қонақ
–
алыстан әдейі іздеп
келген тума-туыстарың, жолдастарың.
Бұлар
нағыз сыйлы, сағына күткен
қонақтар. Оларға деген құрмет, сый-
сияпат «жат жанынан түңілетіндей»
дәрежеде болуға тиіс. Құдайы қонақ
–
бейтаныс, шалғай елден, алыс жерден
жолаушылап жүрген тосын қонақ.
Олар нағыз сауабы тиетін қонақтар.
Оларды да ықылас-ынтамен қарсы
алып, дұрыстап күткен жөн.
Қыдырма қонақ
–
ерігіп, желігіп,
үйден-үйді,
ауылдан-ауылды кезіп,
сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет
жеуді әдетке айналдырған сандалма
қонақ. Қылқыма қонақ – түтіні түзу
шыққан үйлерді торып, құлқыны
үшін аузына салғанын шала шайнап,
қылқытып жұтып, тағы бір түтіні
шыққан үйге тарта жәнелетін
Достарыңызбен бөлісу: