Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


– нағыз  сұғанақ қонақ. Соңғысын халқымыз  ұнатпай,  –



Pdf көрінісі
бет341/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb


нағыз 
сұғанақ қонақ. Соңғысын халқымыз 
ұнатпай

«күнде қонақ» деп те әжуа-
лайды. Қазақтар үшін сыйлы қонақ-
тың бірі 

«құдайы қонақ». Бұл жо-
лаушылап келе жатқан, түскен үйіне 
ешбір туыстық, не таныстық қаты-
насы жоқ, бейсауат кісі.
Дегенмен құдайдың атын атап кел-
ген соң, мұндай қонаққа ерекше сый-
сияпат білдіріп, қонақасы беру – әр-
бір отбасының борышы. «Құдайы 
қонақты» үйіне қондырмай жіберген 
адам ауыл, ел-жұрт алдында «қара 
бет» атанып, беделінен айрылған. 
Халқымыз қонақты ілтипатпен қар-
сы алу, оны күту, құрметтеп шыға-
рып салу дәстүрін ерекше қастерлеп, 
оны ұрпақтан-ұрпаққа үлгі-өнеге 
ретінде үйретіп, мұны отбасы тәр-
биесінің басты бір саласы деп түсін-
ген. Келген қонаққа қонақасы беруде 
де үлкен мән бар. Қазақ халқы қонақ 
күтуге әрдайым дайын отырған.
Ол үшін үйде ас-дәм қорын жинап, 
тіпті соятын малын өріске жіберме-
ген. Қонаққа дәмді аспен бірге жы-
лы лебіз де керек. Оларды құшақ 
жайып, қуана қарсы алып, жағдай 
жасау 

үй адамдарының басты мін-
деті. Келген кісіні аттан түсіріп алу,
ат-көлігін жайлау, сырт киімін шешкі-
ҚОНА
ҚОНА


326
зіп ілу, төрге шығарып, қолына су 
құйып, сүлгі ұсыну, т.б. игі ілтипатты 
отбасында негізінен жас балалар ат-
қарған. Қазақ аулында қонақтың кө-
ңілін көтеру үшін «қонақ кәде» жа-
сайтын дәстүр бар. Ол алдымен «ауыл-
дың алты ауызынан» басталады. Мұн-
да күй тартылып, ән, өлең-жыр ай-
тылады.
Оған қонақтар да қатыстырылады. 
Кейде «қонақ кәде» бірте-бірте өнер 
сайысына да айналады. Онда ауыл 
адамдарынан қонақтар да өнерін ір-
кіп қалмайды. Өнерлі қонақты ат-
тандырарда үй иесі өзінің шама-шар-
қына қарай оған сый-сияпат, жол-
жоралғы жасайды. Қазақ салтында 
қонақтарға сусын ұсынудың өзіндік 
рет, салты бар. Мәселен, шәй құю 
үйдің бойжеткеніне жүктеледі. Ол шәй 
құюдың жөн-жосығын жас кезінен-
ақ өзінің шешесінен, апа-жеңгелері-
нен үйреніп өседі. Шәй құюға қажет-
ті икемділік пен шеберлікке жастай 
баулынған бойжеткен шәй құйғанда 
кесе-шәйнекті орынсыз сылдырлат-
пай, ауыстырып алмай, оларды қо-
нақтарға әдептілікпен ұсынуы керек. 
Самаурынның суын кесеге сызылтып 
құюдың орнына шорылдата құю, не 
кесені қонаққа ұсынғанда жоғары 
не тым төмен ұстау қыз тәрбиесінің 
кемшілігі болып есептеледі.
Сондай-ақ, кеседегі шәйдің шамадан 
тыс қою, не сұйық болуы, көлемінің 
аз не шамадан тыс мол құйылуы да 
қолайсыз болады. Әдетте қонақтың 
шәйға қанғанда болдым, ішпеймін 
деп берген белгісін түсіне білу қажет. 
Қонақтардың бірі кесенің бетін ала-
қанымен жапса, екіншісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет