322
нақты ету үшін ең алдымен балалар-
дың түсінуі, ұғымы анық және берік
болуын қамтамасыз ету керек.
Ал, түйсіктің анық және берік болуы
үшін сезім мүшелерін
сергек етуге
тырысу керек. Қабылдау – өмір та-
нудың екінші сатысы, құбылысты тұ-
тасынан ұғу. Бірақ түйсік пен қа-
былдау бірімен-бірі өзара тығыз бай-
ланысты, арасында алшақтық жоқ.
Қабылдаудың
ашық айқын болуына
сол заттың мағынасы, мазмұны және
сол затты түсіну үлкен әсер етеді.
Мағынасы түсінікті болған нәрсені
терең қабылдаймыз. Оқушылардың
білімі тиянақты болу үшін
олардың
қабылдауының берік және айқын
болуына ерекше көңіл бөлу керек.
Оқытушының сөзін, ұғындыруын
балалар айқын қабылдамаса, олар ма-
териалды терең есте қалдыра алмай-
ды,
сондықтан дұрыс жауап бере
алмайды. Олай болса білімді берік
ету үшін сабақ үстінде барлық сезім
мүшелерін қатыстыру керек.
Психологияның мәліметтеріне қара-
ғанда, оқушы бүкіл сөйлемді тұтасы-
мен қабылдайды. Жақсы оқушы сөй-
лемнің мазмұнына, сөз құрылысына
қарап тез түсінеді. Ол кейде, тек осы
жолда жазылған сөздердің ғана емес,
бұл
жолдың жоғарысында қандай
сөздер бар, төменгі жолда қандай
сөздер болуы керек екенін де түсініп
алады. Олай болса,
жақсы оқи бі-
лушілік кітапты пайдалану ісінде
шешуші рөл атқарады.
Біздің сезім мүшелерімізге әсер ете-
тін құрылыстар біздің миымызға өзі-
нің белгілі ізін қалдырады,
сондық-
тан біз оны екніші рет сезіне танимыз.
Маңайдағы құбылыстар біздің миы-
мызға белгілі ізін қалдырғандықтан,
біз ол құбылыстарды қазір көріп
тұрмасақ та есімізге аламыз, көз ал-
дымызға елестетеміз. Адамның бұл
сияқты тамаша қасиеті ес процесіне
жатады. Ал ес деп біздің тәжірибеміз-
де кездескенді
ойда толық тануды
және білгенімізді іс жүзінде қолдану-
ды айтады. Ес адам тұрмысында өте
үлкен маңыз алады. Егер ес болмаса
біз көрген, білген, оқыған естігеніміз-
ді миымызға ұстап қала алмас едік» –
дейді. Мәселен, осы кітаптың «Эсте-
тикалық тәрбие» атты тарауында ға-
лым былайша ой толғайды: «...Эсте-
тикалық тәрбиенің ең бірінші мақ-
саты
–
оқушылардың сезім мүше-
лерін тәрбиелеп, дамыту және
олар-
дың қабілеттілігін күшейту... Тамаша
көркемдікті, сұлулықты байқау үшін
оны көре және есіте білу керек». Бұл
жерде автор сұлулық, көркемдік тәр-
бие үшін шәкірттің сыртқы бес се-
зім мүшесі (көз, құлақ, иіс, дәм, си-
пай сезу)
ойдағыдай жетіліп, дені
сау болуына ерекше көңіл бөлу қа-
жеттігін, ата-ана мен тәлімгерлердің
есіне салады.
С.Қожахметов көркемдік, әсемдік тәр-
биесі тек сыртқы сезімдер арқылы
адам жанын рахат пен ләззатқа бөлей
алатындығын, бұл үшін шәкірттің ой-
лау, қиял сияқты қуаттарын да дамыту
қажеттігін былайша тұжырымдайды:
«Ойлампаздық қасиеті өсіп-жетілме-
ген адамның тамаша, сұлу көркем зат-
тарды қабылдауы нашар болады. Эс-
тетикалық көркемдікке шаттанудың,
рухтанудың жоғарғы түрі
адамның
ақыл-ойының дамуымен байланысты».
Педагогикалық және психологиялық
мәселелерді талдағанда автор жеке-
леген тәлім-тәрбиелік тақырыптар-
ды өрісі тар өткінші нұсқау, жарлық
Достарыңызбен бөлісу: