Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет345/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚҰДА
ҚҰДА


330
да деп, былайша ой қозғайды: Тіпті 
кетпес еш жоғалып, Байқасаңыз бар-
ша жан, Тағы дене тауып алып, Та-
ғы өседі қайтадан. Түрлі жанда дене
түрлеп, Өзгеріп тұр бұл ғалам, Жоға-
латын нәрсе жоқ деп, Айтты ғылым 
байқаған.
Осы пікірлер оның тіршіліктің негі-
зін ғылыми көзқарас тұрғысынан дә-
лелдегісі келетіндігіне жақсы дерек. 
Ш.Құдайбердіұлы адамның жан дү-
ниесінің дамып, қалыптасу жолын 
тіршіліктің қарапайымнан күрделіге 
қарай біртіндеп дамуы тұрғысынан 
түсіндіреді. Осы айтқанымызға орай 
ақын «Жәндіктен адам жаралған... 
айуаннан өсіп, болды қадам», – дейді. 
Сірә, ойшыл ақын ағылшын табиғат 
зерттеушісі Ч.Дарвин ілімімен жақсы
таныс болса керек. Әсіресе, Шәкәрім 
жан мен тәннің ара қатынасы мәсе-
лесінде дәйекті пікір айтады. Мәсе-
лен, ол қандай жан болса да (жануар, 
адам) денемен, тәнмен байланысты 
болатындығын айта келіп, «жан тән-
ге, ақыл жанға матаулы тұр» десе, 
енді бір шығармасында «дене сезімі-
не нанба, дене, сезім түгел алдайды... 
бәрін де тапқан таза ақыл... бар ғы-
лымның түп атасы – таза ақыл мен 
ойлану... жан мен дене екі басқа», 
деп келетін ақын түйіндері жан мен
тәннің байланысын көрсететін ғылы-
ми-психологиялық тұжырыммен үй-
леспейді. Бірақ та ақын жан сыры 
мәселесіне келгенде кемеңгер ұстазы 
Абай тұжырымдарын тереңдете 
түскендей жәйтті байқатады. Егер бұ-
рын-соңды қазақ қоғамдық-әлеумет-
тік ой-пікірлердің даму тарихында 
жан мәселесі төңірегінде жалпылама 
пәлсапалық тұжырымдар айтылып 
келген болса, Шәкәрім «психология» 
терминін қазақ топырағында тұңғыш 
қолданғаны белгілі. Мәселен, ол бір
шығармасында: «Жан сыры деп жа-
зылған, психология деген пән», – де-
ген тіркесті қолданып, оны ғылым-
ның зерттеу объектісіне үңіледі.
Шәкәрімнің психологиялық пікір-
лерiнің негізгі жүйесі, оның 1919 жы-
лы қазақ тіліне тәржімаланған «Пси-
хология» дейтін кітапқа жазған сын-
пікірінен (рецензия) жақсы байқала-
ды. Қолжазба түрінде оншақты бет-
тік материалдың жекелеген үзiнділе-
ріне назар аударатын болсақ, оның 
психологиялық көзқарастары жай-
лы толығырақ мағлұмат алатынымыз 
хақ. «Тіршілік – жан туралы» деп ата-
латын осы мақаланың жекелеген қи-
сындары (тезистері) мына төменде-
гідей. «Сонша білiмді адамдар әлі 
күнге дейін өзінің кім екенін анық-
тап білген жоқ... Біз кім екенімізді 
білмек болып, жан тіршілігін тексере-
тін «Психология» сияқты ғылыми кі-
тапты оқысақ, жанның тіршілік сы-
рын білмек түгілі миымызды қаты-
рып, ол кітаптардан не ұғатынымыз-
ды білмей аң-таң боламыз.... Міне, 
дәлел: қазақ тіліне аударылған пси-
хология кітабын оқып қараңыз... Тір-
шілік басынан бар. Бірақ ол тіршілік-
тің бізге анық сезілетін кезі де бар, 
сезілмейтін кезі де бар. Оның себебі: 
дүниенің қандай күйде, қандай түрде 
болғандықтан... Айуандардың дене-
сі, адамнан көрі кемдігі болмаған-
дықтан: еркіндік, мүше қаруы да; терең 
ойлауы да кем болып отыр... Адам өз 
жанының сырын әбден анықтап біл-
мей тұрып, өзінің кім екенін білмей-
ді. Жан қасиетін анық білсе, сонда 
адам түзеледі... Дүние дозақ емес, –
дейік. Табиғаттың байлығы барша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет