Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет346/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚҰДА
ҚҰДА


331
жанға жеткілікті. Бірақ, есіл бейішті 
дозақ қылып отырған адам.
Егер адамдар түгелімен біріне-бірі 
қиянатсыз туысқан болып осы ақы-
лын жұмсап еңбек қылып, табиғат-
тың қасиетімен пайдаланып отырса, 
дүние бейіш болатынына ешкім дау 
айта алмас... өз жанының қасиетін 
білмей тұрып, адамның құлқы түзел-
мейді... ақылдың анық деп тапқан 
ақиқатын айтпауға ар көнбейді... Қай 
өнер, ғылым болса да оны табатын 
ақыл... Бар білімнің түп атасы ақыл». 
Шәкәрімнің осындай психологиялық 
пікірлері алдағы жерде арнаулы зерт-
теуді қажет ететіндігін дәлелдеп жа-
туды дәлелдеудің қажеті жоқ.
ҚҰЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ 
– патша 
өкіметінің отаршылдық саясатымен, 
кеңестік әміршілдік коммунистік 
идеология тұсында қазақ ұлтында 
тұлғалық және этностық қолайсыз 
қасиеттердің (жарамсақтық, жалтақ-
тық, жағымпаздық, бұйығылық, үрей-
шілдік т.б.) пайда болған келеңсіз 
қасиеттердің жиынтық атауы.
ҚҰЛЕКЕҰЛЫ
ШАЛ (1748-1819).
Шал Құлекеұлының бізге жеткен 
шығармаларының дені – импровиза-
ция – суырып салма түріндегі өлең-
дер. Өзінен бұрынғы ақын, жыраулар-
дай Шал да бұл жерде ерен жүй-
рік болған. Кезінде Шал жырла-
рының халық арасында кең тарауы,
оның есімінің жұрт аузында сүйіс-
пеншілікпен аталуы жыраудың арда-
гер, азамат – ақын болғандығын бай-
қатады. Шал ақын шығармаларын-
да адам өмірінің көптеген мәселеле-
рі: бұл дүниеде өмір сүрудің мәні, 
қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топ-
тардың көңіл күйі, мінез бітістері, 
олардың адамгершілік сипаттары т.б. 
сөз болады.
Әрине, Шал өлеңдерінде де ислам 
дінінің мотивтері жиі ұшырасады. 
Ол мұсылманша сауатты, діни қағи-
даларға біршама жетік, өз заманы үшін
білімдар адам. Бірақ ақын әрбір сө-
зін құдай, пайғамбар атымен байла-
ныстыра бермейді, өйткені, оның не-
гізге алатыны адам игілігі, яғни адам-
гершілікке қатысты мәселелер.
Адамгершілік моральді жырлаған 
ақын өз шығармаларында жақсылық 
қайдан шығады, жамандық неден 
туады, жаман адамдар қандай деген 
мәселенің төңірегінде біраз сөз қоз-
ғайды.
«Жақсыдан шарапат; жаманнан ке-
сепат» дегендей мұның бәрі сайып 
келгенде адамдардың бір-бірімен 
қатынасынан туындайды. Шал жақ-
сылықты ту етіп, оны мадақтайды, 
жамандықты жерлеп, шенеп-мінейді, 
ондайларды жұртқа жиіркенішті көр-
сетуге тырысады. Ақын өлеңдерінде 
адамдарды түрлі әлеуметтік типтерге 
бөлу, олардың өзіндік психология-
лық портреттерін көрсету біршама 
дұрыс шыққан. Мәселен, ақынның 
адамдардың жас мөлшеріне орай бер-
ген сипаттамаларын, әсіресе, жас-
тық-жігіттік шақтың ерекшеліктерін 
көрсету ерекше көңіл аударарлықтай.
Ақын шығармаларында жігіттің «құр
жан», «тірі жан», «жігіт жан» деген
типтері жайлы сөз болады. Мәселен, 
«құр жан» деп аталатын жігіт – кеу-
десінде әйтеуір жаны болғаны бол-
маса, өнер білімнен жұрдай, керенау, 
кердең, жалқау да, қанағатсыз, істе
тындырымсыз біреу. Мұндай адам-
дарды уайым-қайғы, қуаныш көңіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет