332
толғантпайды, олар қырсық, кесепат
атаулыдан
құтылудың жолын із-
демейді, өмірден мархабат, қызық та-
ба алмай өтетін де осылар. Бұл жө-
нінде ақын: «Ақылы жоқ надандар,
Іс бітірмес жамандар, Жүз болса да
бірмен тең...» деу арқылы кең дүние-
ні тарылтқан, адамның тепсе-темір
үзетін, тауды қопаратын шағында,
қолынан іс келмейтін қуыс кеуде, бос
белбеу, бойда күш-қуаты жоқ, әрі-сә-
рі біреулердің келеңсіз тірлігіне қат-
ты қынжылады.
Ақын жігіттердің екінші бір тобын
кеуделерінде
тек тірі жаны барлар
деп атайды. Бұлардың да оңып тұр-
ғаны шамалы. Сөйте тұра мұндай-
лар шамасына қарамай менмен, өркө-
кірек, тамақсау, сәнқой, жатып ішер
жалқау, тоғышар келеді. Осы типте-
гі жігіттер жайлы Шал ақын былай
дейді: Тір жан дейтін, Бар тапқанын
киім мен асқа сатар, Жақын көрген
досын жатқа сатар,
Қызыл белбеу,
шоңқима етік, үкі тағып, Әркімді бір
сықақ қылар...
Ақын толғаныстарында жігіттіктің
буына мас болып, жастық шақтың
бойға сыймас асау күшін қайда сый-
ғызарға білмей, адамгершілік сыр-
сипаттан алшақ жатқан, тек құр тірі
жүргеніне мәз желөкпелер қатты ке-
лекеленеді. Бұлар рухани тіршіліктен
аулақ, байлық пен бақтың мансабы-
на мас, тоғышар,
асыл арманы мен
анық мақсаты жоқ, қажыр-қайрат
пен ерік-жігердің не екенін білмей-
тін қуыс кеуделер. Ақын осылайша
адамдардың нашар мінез бітістерін
көрсету
арқылы жақсы мінез-құ-
лықтың жұртқа үлгі боларлықтай эта-
лонын ұсынады да; жастарға былай-
ша кеңес береді: Жігіттер жау алмай-
ды ақылды алсаң, Білгішке көп біле-
тін жақындасаң; Қарап жүрген кісі-
ге адам тимес, Сабыр деп өз бойың-
ды мықты ұстасаң...
Ақын бойға біткен шыдамсыздық
адам мінезінің ең нашар жағы дей-
ді. Өйткені бұдан өкінерліктей істер
туындайды. Ал: шыдамсыздық өзім
білемшілдікпен тоғысатын болса, он-
да адамның халінің мүшкіл болға-
ны.
Мұндайларда басқадан кеңес
алу, жұрттың ақылын тыңдау деген-
дер атымен болмайды, олардың ар-
ман-мүддесі, тіршілік-тырбынысы
күйкі, бәсеке, бақ аясынан аспайды.
Бұл жөнінде жырау: Жігіттер сақта-
ныңыз жаман достан... Тістескен жау-
дан адам сақтанады, Тиеді достың
оғы қапылыстан... Шал түсінігінде
жаман
дос адамды орға жығылды-
рады, сондықтан досты дұрыстап
таңдай білу керек. Жаман дос ар-
намысты; адамгершілікті сатып кету-
ден тайынбайды, тіпті, қас дұшпан-
нан жалған дос жаман. Ол жемежем-
ге келгенде сені жау қолына тастау-
ға, жаныңды жаһаннамға жіберуге
әзір тұрады. Ол дос парызын түсіне
қоймайтын аңқау,
аңғал жан емес,
қайта түлкідей жылмаңдаған; барып
тұрған екі жүзді қу, алаяқ адам.
Ақын түсінігінде осындай жаман
адамдардың енді бір белгісі біреудің
сыртынан өсек тарату, жалған сөз
сөйлеу, не ел қамқоры, игі жақсы-
лардың ізгі ісін күндеп, көре алмау-
шылығы. Бұл жөнінде:
Өзі жаман
жақсыны көре алмайды, Сыртынан
ғайбат айтып атады тас. Мұндай жан-
ның әдеті осы деп біл, Өзіне дос таба
алмай жинайды қас...дейді. Ақын дос
пен дұшпан арасын жақсы ажырату
қажет, («басыңа жазатайым бір іс
Достарыңызбен бөлісу: