Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет350/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚҰЛЕ
ҚҰЛЕ


335
лыптасу, даму ерекшеліктері хақын-
да да салиқалы ой түйіндері кездесе-
ді. Оның пікірінше адамдық қасиет-
терге кісі бірден жетіліп, іштен ту-
майды, балалық шақта сана-сезімді 
дамытып, өсіретін басты әрекет – ойын 
(«Үш төрттен талап еттім асық жи-
нап, жүгірдім жалаң аяқ жанды қи-
нап»). Бір жаста, екі жаста бесіктемін, 
Бес жаста тәңірі берген нәсіптемін, 
Алты жаста қайыңның тозындай-
мын, Жеті жаста ойпаң жер бозын-
даймын, Он жасымда сүт емген қо-
зыдаймын. Он бесте жарға ойнаған 
лақтаймын, – деген жолдардан бала 
сана-сезімінің даму жолы, бой мен 
ойдың қоса дамитындығы әржастың 
өзіне тән ерекшеліктері, әр түрлі іш-
кі-сыртқы жағдайлар баланың жан 
дүниесін біртіндеп нәрлендіріп жаңа 
мазмұнға ие болып отыратындығы 
айтылған. Ақынның осындай жал-
пылама тұжырымдары қазіргі психо-
логия ғылымының қағидаларына он-
шама қайшы емес.
Қазақ халқында келінге деген ілти-
пат, оған деген зор құрметке айнал-
ған. Қазақ халқы келіншектің бетін 
ашарда ол келген босағаның барлық 
қадір қасиетін баяндай отырып, аға-
йын жекжаттың, туыс-қарындастың, 
ата-ененің, абысын-ажынның мінез-
құлқындағы жақсы-жаман жақтар-
дың бәрін тізіп айтып береді. Сөйтіп, 
халқымыз жаңа келген келіннен еш-
темесін жасырмайды. Өйткені, келін 
осы үйдің бұдан былайғы тұтқасы, 
ерінің де, ата-енесінің де, бала-шағаның 
да әрі жәрдемшісі, әрі қамқоршысы. 
Жұрт беташар үстінде келінге үлгі 
етер барлық жақсы қылық, жайсаң 
мінездерді тәптіштеп үйіп-төгеді, 
жаман қылықтарды шенеп-мінейді. 
Бір сөзбен айтқанда, беташардың 
өзінде де қазақ әйелдерінің қоғамнан 
алатын орны жақсы бейнеленген. 
Жақсы келіннің келуі бір үйдің, бір 
ауылдың ғана қуанышы емес бұл 
бүкіл рудың, елдің ортақ қуанышы. 
Халқымыздың келін түсіруге бай-
ланысты бір кезде «Отыз күн ойын, 
қырық күн тойын» жасау әдеті де 
болған. Бұл айтылғандардан да әйел 
бақытына деген көпшіліктің қуаныш 
махаббатын жақсы байқауға болады. 
Арғы-бергі қазақ тарихында келін 
түсіріп, қыз ұзатудан артық той-
думан болған емес. Қазақта жақсы 
қыз тәрбиелеген ана әрдайым да ар-
дақты. Халқымыздың «Анасын көр 
де қызын ал», «Аяғын көр де асын 
іш» деген мақалы қыз тәрбиесінің, 
ана мұратының қаншалықты жоғары 
бағаланатынын жақсы дәлелдейді.
Осы айтылғанға орайлас ортақ жайт-
тарды Шал ақынның шығармалары-
нан да көптеп кездестіруге болады. 
Мәселен, ақын бір өлеңінде: Қыз қы-
лықты болар, Келін епті болар... Ая-
ғын көр де асын іш деген сөз бар. 
Шешесін көр де қызын ал сол белгі-
сі... Келін жақсы болса, үйіңе көп кісі 
келеді... деп ол жаңа түскен жақсы 
келіндердің портретін берсе, басқа
бір жерде келіндердің ішінде де тәр-
биесі нашар, қылығы сүйкімсіздері-
нің де кездесетіндігін, бірақ оларды 
алғашқы күннен көптеп-көлемдеп (ата-
ене, абысын-ажын т.б.) тәрбиеге ал-
са, теріс мінезден ажыратуға бола-
тынын еске салады. Нашар келіндер 
жайлы ақын былайша қынжылады: 
Келін шайпау болғаны оңбағаны... 
Көрмедің шыбын құрлы мені келін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет