Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет358/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚҰНА
ҚҰНА


343
жеке басының ерекшеліктері жайлы 
айтқан психологиялық пайымдаула-
ры өзінің ғылыми тереңдігі мен ерек-
ше бағалы.
Абайдың психологиялық көзқарас-
тары жалпы және педагогикалық 
психология мәселелерімен ғана шек-
телмейді. Ақын туған халқының 
әлеуметтік жағдайымен, оның әр түр-
лі топтарының мінез-құлықтарына 
да ерекше зейін қояды. Ол өз жұр-
тының мінез-құлқын, көңіл күйін, іс-
әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, та-
лап-талғамын, салт-санасын жақсы 
білді. Оның шығармаларынан мінез-
құлықтары сан алуан адамдардың 
(бай, болыс, атқамінер, т.б.) психо-
логиялық бейнесі тамаша көрініс 
тапқан. Ақын осынау әлеуметтік топ-
тардың барлығына толыққанды, 
көркем бейнелі сипаттама беріп қана 
қоймай, сонымен қатар олардың 
әлеуметтік-психологиялық мәнін де 
ашып көрсетеді. Ол көшпелі халық-
тың өмірінің ұсақ-түйектеріне дейін, 
тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының 
өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, қа-
зақтың рухани мәдениетіне қатысты 
деректерді жан-жақты пайдаланды. 
Абай жасаған қазақ қауымының түр-
лі топтарының өкілдері жайлы пси-
хологиялық сипаттаманы шын мәні-
сіндегі өміршең де әділ тұжырым деп 
бағалауымыз абзал.
Абайдың психологиялық мәселе-
лерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия
мен өнердің міндеті – адам өмірін
олардың көңіл күйі мен іс-әрекет-
терін шыншылдықпен көрсете білу 
деген түсінігіне орай қалыптасқан. 
Ол поэзия саласындағы талант ие-
лерінің психологиялық қызметінің 
ерекшеліктерін, оның даму заңдылық-
тарын жете зерттеуі керектігіне зор 
мән берді. Ол өнердің кез келген түрі 
адамның белсенді шығармашылық 
қызметінің барысында қоршаған ор-
та шындығынан нәр алып, мазмұн-
дық жағынан байи бермек деп есеп-
теді. Ән мен күй, өлең мен музыка қа-
зақ халқының өмірі мен тұрмысынан 
ерте заманнан-ақ берік орын алып, 
олардың сенімді де айнымас серігіне 
айналған дүниелер. Қуаныш пен қай-
ғы, өмір мен өлім, жастық пен кәрі-
лік – бәрі де әнде бейнеленеді, сонда 
көрініс табады. Ән сырға толы, адам-
ды шаттық пен қуанышқа бөлеп бо-
лашаққа жетелейді, жабыққанда жұ-
батады, шаршағанда демеу болады. 
Әнсіз өмір жоқ. Ол жүрек қылын шер-
тіп, толғандырады, қиялына қанат 
бітіреді. Адам әсем әнді жылы сезі-
мімен, бар ықыласымен, жүрегімен 
қабылдайды. Тек шын жүректен шық-
қан ән ғана тыңдаушысын толғантып, 
қуанышқа бөлейді. Абай ән мен му-
зыканы адамның әсемдікке деген 
құлшынысын қанағаттандыратын 
аса маңызды құрал, оның рухани да-
муының негізі деп есептеді. Ол өзі де 
соңына көптеген тамаша әндерін мұ-
ра ғып қалдырды.
Ол қазақтың қоғамдық ой-пікірінің 
қалыптасуы тарихында алғаш рет
ақындық шабытты шақтың психоло-
гиялық астарына терең үңіліп, оны 
адам рухының ерекше күйі, жүректің 
лүпілдей соғып, қанды қыздыратын 
көзі деп сипаттады. Ақын шабыт 
шалқыған сәтте өмірден қол үзіп қал-
май, керісінше күнделікті күйкі тір-
шіліктен жоғары тұрып, шындық 
пен әділдіктің қатал да қайтпайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет