Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет357/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚҰНА
ҚҰНА


342
бөтен адамнан шыққанын көргенде, 
сен ұялып кетесің... Біреуі сондай 
ұят, шариғатқа теріс, иә ақылға, иә 
абиүрлы бойға теріс, иә адамшылық-
қа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге 
еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шық-
қандығынан болады». Абайдың пі-
кірінше, өзіне-өзі сын көзімен қарап, 
өзін тізгіндей білген адам келеңсіз 
қылықтардан аулақ жүріп, әр қада-
мын ұят таразысына сала алады.
Адамды көздеген мақсатына, асыл 
арманына жеткізетін, ғылым-білімді 
меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан
қуаттарының бірі – ерік-жігер, қа-
жыр-қайрат. Ерік-жігер адамның өз 
мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, 
оны әр түрлі кесапаттардан, пайда-
сыз құмарлықтардан қорғайды. Абай:
«Жан қуаты деген қуат бек көп нәр-
се... Бұл қуаттың ішінде үш артық 
қуат бар... ол жоғалса, адам баласы 
хайуан болады, адамшылықтан шы-
ғады... ақылды сақтайтұғын мінез 
деген сауыты болады. Сол мінез бұ-
зылмасын» – деп адамның өзі таңдап 
түскен жолынан таймауына ерік-
жігері мен қажыр-қайратының ғана 
көмектесетінін еске салады.
Адамның бірқатар жағымды да, жа-
ғымсыз қасиеттерін көрсете келіп, 
олардың табиғатын түсіндіруге ты-
рысады... «Тиянақсыз, байлаусыз бай-
ғұс қалпың, Не түсер қу күлкіден жыр-
тың-жыртың», – деп тиянақтылық
пен ұстамдылықты адам мінезінің 
жақсы қасиеттеріне жатқызады да, 
елі, халқы үшін уайым жеу ер азамат-
тың жақсы қасиетінің бірі, сондай-
ақ жігіт адам кеңпейіл, шамасы кел-
се, мырза, дархан келеді, босқа еліріп, 
елпектеп жүру – жақсы адамның ісі 
емес дейді: «Уайым – ер қорғаны, 
есі барлық, Қиыны бұл дүниенің –
қолы тарлық. «Еһе-еһеге» елірме, 
бозбалалар, Бұл – бес күндік бір 
майдан ер сынарлық», – дейді. Ол 
нағыз уайымның өзін ұстамдылыққа 
бастайтын, кісіні орынсыз желөкпе-
ліктен сақтандыратын жақсы қасиет-
ке балайды. Осындай қасиет қазіргі 
кезде егемендігі мен тәуелсіздігін 
алған қазақ азаматтарына қатысты 
сипат болса құба-құп. Табанды адам 
ешқандай кедергіге қарамастан көз-
деген мақсатына жетеді, бұл одан 
рухани қуаттылықты, төзімділікті 
және қажырлылықты талап етеді. 
Осындай кісі ғана өз дегенінде тұрып, 
«көштің соңынан итше ере бермей, 
...әділетті, ақыл мойындаған нәрсеге, 
қиын да болса, мойындауға...» бара 
алады.
Абай бала мінезінің қалыптасуы жөр-
гектен басталатынын айта келіп, бұл 
жөнінде «Жетінші сөзінде» былай 
дейді: «Жас бала анадан туғанда екі 
түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, 
жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі 
– білсем екен демелік... Мұның бәрі – 
жан құмары, білсем екен, көрсем екен, 
үйренсем екен деген» тұжырымнан 
жақсы байқалады. Абай бала психо-
логиясының басты ерекшелігі – бі-
луге құштарлық деп есептейді. Өсе,
ержете келе, тәрбие құралдары арқы-
лы бала жанына жақсылық ұрықта-
рын егіп, игі сезімдерге, адамгерші-
лікке тәрбиелеуге болады. Ақын ба-
ла мінезін қалыптастыруда ата-ана-
сының, ұстаздарының, құрдастары 
мен достарының үлгі-өнегелері мен 
тәрбиесінің маңызы зор деп дұрыс 
түйіндейді. Осы айтылғандар және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет