340
көбейтуге екі қару бар. Оның бірі –
мұлахаза (ойлау, пікір алысу)..., екін-
шісі – берік мұхафаза (сақтау, қор-
ғау)... Бұлар зораймай, ғылым зорай-
майды» – деп жазды. Абай жан қуат-
тарын
адамдардың бір-бірімен жәй
түсінісуі ғана емес, сонымен қатар
олардың көңіл күйіне, бүкіл психоло-
гиясына әсер ететін күшті құрал ре-
тінде түсінеді.
Адамның
сан алуан қызыққа толы,
сезім әлемі ақын шығармаларының
негізгі тақырыптарының бірі. Адам-
ның ішкі жан-дүниесін оның үш қы-
рымен (ақыл, сезім, қайрат) тұтастыра
қарастыратын Абай адам өмірінде,
таным мен күнделікті тіршілікте, се-
зімнің
аса маңызды қызмет атқара-
тынын көрсете келіп, кісінің рухани
дамуы үшін ең алдымен жан-дүние-
сі бай, сезімтал болуы қажет дейді.
Ақын адамның адамгершілік, иман-
дылық, моральдық, эстетикалық сезім-
деріне айрықша мән береді. Осындай
сезімдерді бойға дарытуда адам жа-
ман мінездерден арылып,
өзін-өзі
тәрбиелеуі керек деп есептейді. «...Ғы-
лымды, ақылды сақтайтұғын мінез
бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен,
жеңілдікпен, иә біреудің орынсыз сө-
зіне, иә бір кез келген қызыққа шай-
қалып қала берсең, мінездің берікті-
гі бұзылады»,- деп ескертеді.
Ақын қағидаларында қоршаған әлем-
ді тану үшін адамға алдымен – «не
көрдің, естідің, әрнешік білдің, соны
тездікпенен ұғып...» алу; екінші –
«...бір нәрсені естіп, көріп білдің, қош
келді, қазір соған ұқсағандарды тек-
серерсің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір
ғана жерден ұқсағандығы бар ма?
Әрнешік
сол іске бір келіскен жері
бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін
тексеріп, білмегенін сұрап, оқып,
бөтеннен хабарласып білмей, тыншыт-
пайды», – деп көрсетеді. Абай сезім
мүшелерінің шындықты танудағы
қызметін былайша түсіндіреді. «Адам-
ның қуаты,
өмірі бірқалыпта тұр-
майды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала
бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», –
деп, табиғат қана емес, адам да үнемі
өзгеріп отыратындығына ерекше кө-
ңіл аударады.
Абай адам мен жан-жануарларды
салыстырып келіп: «қай егіз шаһар
жасап, құрал жасап, неше түрлі сай-
ман жасап, сыпайылық, шеберліктің
үдесінен шығар қисыны бар?» – адам-
ның хайуанаттан басты айырмашы-
лығы
қоғамға қызмет етуінде деп
түсіндірді. Ол жастарды білім-ғылым-
ға шақыра отырып, тек қажырлылық-
тың, құштарлықтың арқасында ғана
ғылымға қол жеткізуге болатынын
айтады. Абайдың түсінігінде құмар-
лық
ғылым жолында табысқа жет-
кізетін ең күшті сезім: «...білім-ғылым-
ның өзіне ғана құмар, ынтық болып,
бір ғана білместіктің өзін дәулет
білсең және әр білмегеніңді білген уа-
қытта көңілде бір рахат хұзур хасил
(тыныштық, рахатшылық) болады»,
– дейді. Білімге ынтық сияқты құмар-
лықтың да адамның жасампаздық
қызметін арттыра түсері сөзсіз. Ақын,
сондай-ақ,
біржолата құмарлық би-
леген адам тап сол сәтте қай нәрсенің
аса маңызды екенін аңғармай, тек же-
ке басын күйттеп кетуі де мүмкін
дейді. Егер құмарлық ақыл таразы-
сын басып кетсе, ол жемісті еңбек ету-
ге кедергі келтіреді, кейде құбылыс-
ты теріс бағалауға әкеп соқтырады:
Достарыңызбен бөлісу: