348
шәкірті. Этнопсихологиядағы «ха-
лық рухы» концепциясын жасаушы-
лардың бірі. Еңбектері: «Құлықтар-
дың пайда болуы» (1867), «Тарихта-
ғы идеялар туралы» (1872), «Ұлттық
деген не?» (1880); «Жанның өмірі»
(1856) т.б.
ЛЕВИ-БРЮЛЬ ЛЮСЬЕН (1857-
1939)
– фр. социологы және этно-
логі. Л-Б-дің социол. көзқарастары
Дюркгеймнің ықпалымен қалыптас-
ты. Алғашқы қауымдық құрылыс
халықтарын зерттеумен айналысқан
Л-Б. әртүрлі әлеуметтік үлгілерге
ойлаудың әртүрлі формалары сай ке-
леді деген қорытындыға келді. Ал-
ғашқы қауымдық құрылыс адамның
ойлауы қазіргі адамның логикалық
ойлауынан өзгеше: ол «дологика-
лы» (онда қарама-қайшылық заңы
еленбейді) және табиғилық пен
табиғилықтан тыс нәрсені ажырат-
пайды. Л.-Б. алғашқы қауымдық құ-
рылыс адамының түсінігінде бастап-
қы себеп пен түпкілікті салдар тіке-
лей байланыста, аралық байланыс-
тар еленбейді деп пайымдайды. Не-
гізгі еңбектері: «Төменгі қоғамдар-
дағы ойлау функциялары» (1910);
«Алғашқы қауымдық құрылыста-
ғы ойлау» (1921).
ЛЕОНТЬЕВ АЛЕКСЕЙ НИКО-
ЛАЕВИЧ (1903-1979) –
Кеңес Ода-
ғының кезінде «Іс-әрекеттік қатынас»
теориясының авторы ретінде белгілі
психолог. Мәскеу университетінің
қоғамдық ғылымдар бөлімін (1924)
бітіріп, психология институтында
және коммунистік тәрбиелеу Акаде-
миясында қызмет атқарған. Л.С.Вы-
готскийдің ең жақын қызметтестері-
нің бірі болған. 1931-1935 жж. Харь-
ковта жұмыс істеп, 1932 ж. профес-
сор атағына ие болды. 1941 ж. Мәс-
кеу университетінің профессоры, пе-
дагогика ғылымдарының докторы.
1942-1945 жж. Свердловскдегі тәжі-
рибені қалпына келтіру госпиталінде
ғылыми жетекшілік қызметін атқар-
ды. 1945-1950 жж. Ресейдегі ПҒА-
ның Психология институтының бала-
лар психологиясы бөлімін, 1945 ж.
Мәскеу мемлекеттік университетінің
психология кафедрасын, 1963 ж. фи-
лософия факультетінің бөлімін меңгер-
ді. Сол университетте 1966 ж. оның
ұйымдастыруымен психология факуль-
теті ашылды. 1950 жылдан Ресейдің
ПҒА мүшесі. 1920 ж. адамның дамуын-
дағы іс-әрекеттің (структурасы, мотив-
тері), әсіресе заттық іс-әрекеттің рөлін
жан-жақты әрі терең зерттеген ғалым.
Негізгі еңбектері: «Естің дамуы» (1931),
«Қимыл-қозғалысты қалыпқа келті-
ру» (1945), «Психика дамуының очер-
кі» (1947), «Іс-әрекет, сана, тұлға»
(1975) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: