349
физиология, психология саласын-
дағы еңбектері негізінде қалыптас-
қан еді. Ғылым адамына тән қарапа-
йымдылығы, зор лекторлық қабілеті
мен ұстаздық өнегесі оны өз замандас-
тарына әйгілі етті. Лесгафттың өз хал-
қына қалтқысыз қызмет еткенін көр-
сетерлік мысалдар көп. Ол елдегі ағар-
ту
жұмысын өркендетуге белсене
қатысты. Әйелдердің білім алуына
ерекше көңіл бөлді. Жұмысшыларға
арнап кешкі курстар ашты.
Лесгафт ғылымның әр саласынан зор
мағлұматы бар адам еді. Мысалы,
оның анатомия ғылымы саласында-
ғы пікірлері, дене тәрбиесі, психоло-
гия, педагогика,
гигиена ғылымда-
рындағы теориялармен тығыз байла-
нысып жатыр. Ол жастарды тәрбие-
леуде психология ғылымының ерек-
ше маңызын айта келіп, бұл ғылым-
ның педагогика мен педагог үшін,
медицина мен дәрігер үшін, психиат-
рия мен психиатр үшін аса қажетті
екенін атап көрсетті.
Адамның жеке басының жан-жақты
жетіліп қалыптасуы үшін тәрбиенің,
әлеуметтік ортаның шешуші рөл ат-
қаратындығын Лесгафт ғылыми тұр-
ғыдан түсіндіреді. Ол жеке адамның
қалыптасуында тұқым қуалаушылық
елеулі орын алады дейтін теорияға сын
көзімен қарады. Бала іштен қайырым-
ды, адал немесе қатал, өтірікші, атақ-
құмар, мансапқор, екі жүзді, жәдігөй
т.б. қасиеттермен тумайды. Бұл жағ-
дай әртүрлі тәрбиеден туады деп,
Лесгафт жүйелі дене тәрбиесі адам-
ның жарасымды дамуына, яғни оның
ақыл-ойы мен адамгершілік қасиеті-
нің қалыптасуына
тиімді әсер ете-
тіндігіне ерекше тоқталады. Ол дұ-
рыс жүру мен жүгіре білу, қарғу мен
секіру, т.б. осындай қимыл-қозғалыс-
тар адам тәнінің сұлулығымен қатар
ақыл-ой парасатының артуына да
ықпал жасайтындығын айтады.
«Баланың ақыл-ой тәрбиесі және
оның маңызы» деген еңбегінде оның
ақыл-ойы мен денесін, мінезін қалып-
тастыруда ата-ананың өнегесі, бала-
ның жеке басын қадірлей білу, төзім-
ділікке
баулу жөнінде айтқан пікір-
лері ерекше бағалы. Ол мектеп жа-
сына дейінгі балаларды тәрбиелеу-
дің жолдары туралы құнды пікірлер
айтты. Автор кішкентай балалардың
әрнәрсеге еліктегіш, білуге құмар ке-
летіндігін, аса бақылампаз болатын-
дығын, адалдығы мен аңғалдығын
жан-жақты баяндап берді.
Лесгафт
психологиядағы темпера-
мент теориясына елеулі үлес қосқан-
дардың бірі. Оның пікірінше темпе-
рамент қан сауыттарының жуан-жі-
ңішкелігіне, олардың қозғалғышты-
ғы мен жүріс-тұрыстың баяулығы-
мен байланыстырған.
Негізгі еңбектері: «Отбасындағы ба-
ла тәрбиесі, оның маңызы» (СПб.,
1885), «Мектеп жасындағы балалар-
дың дене тәрбиесі» (СПб., 1888), «Пе-
дагогикалық шығармалар жинағы»
(М., 1951), т.б.
ЛИДЕР
– басшы, жетекші. Топта,
ұжымда, әдетте жетекші міндетін ат-
қаратын бір адам. Әлеуметтік психо-
логияда мұндай адамды «лидер» деп
атайды. Л. топты ұйымдастыруға
және басшылық етуге сайланады не
ұсынылады. Л. әдетте топтың іс әре-
кеті жайлы, оның құрамы мен мүм-
кіндіктері жайлы мейлінше хабардар
болады. Ол топ мүшелерімен қатынас-
та өзін еркін, сенімді ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: