346
Адам объектіге түрлі
мақсат көздеп
қызығады. Осы тұрғыдан қызығу
тікелей және жанама болып екіге бө-
лінеді. Тікелей қызығу айналадағы
нәрселердің тартымдылығынан туа-
ды. Мәселен, футболға қызығуды
осыған жатқызуға болады. Жанама қы-
зығу – бұл әрекеттік түпкі
нәтиже-
сін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам
көздеген мақсатына біртіндеп, саты-
лап жетеді, Мәселен, оқуға, еңбек
етуге қызығу осындай қызығулар.
Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы
болып келсе, адамның ісі оңға ба-
сып, ол нәрсені білген үстіне біле тү-
суге ықыласы кетіп отырады. Адам-
дардың
қызығу саласындағы ерек-
шеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешелік-
тер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы
мен талғамына, мұраты мен мүддесі-
не байланысты белгілі мазмұнға то-
лы болады. Мәселен, бір адамдар сая-
си-қоғамдық мәселелерге қызығатын
болса, екінші біреулер эстетикаға
қызығады. Ал үшінші біреулер ғылы-
ми-теориялық мәселелерге ерекше
назар аударып отырады, төртінші бі-
реулерде осы айтылғандардың бар-
лығы бірдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде
онша ажыратылмайды. Дегенмен бө-
бектерде де
қызығу элементтерінің
барын байқауға болады. Қызығудың
жақсы көрінетін жері – мектеп. Мек-
теп жасындағы балаларда қарапа-
йым тану қызығулары көріне бас-
тайды. Мектеп өмірі балаларда көп-
теген қызығулардың түрлерін туғы-
зады. Біртіндеп оқу қызығуларымен
қатар спорттық, оқырмандық қызы-
ғулар қалыптасады. Қызығу көбінде
баланың бір нәрсеге бейімділігіне қа-
рай көрінеді. Мәселен, шахматқа қы-
зығу
баланың осы ойынмен айна-
лысуға бейімділігінен туады. Бірақ
қызығулардың бейімдіктен бөлек
те пайда болатын кездері кездеседі.
Мәселен, футболға қызығатындар-
дың футбол ойынына жөнді бейім-
ділігі болмаса да қызығуы өте күшті
келеді. Бірақ мұндай қызығуды бел-
сенді,
пәрменді қызығу деп айтуға
болмайды. Қызығу пәрменді, белсен-
ді болу үшін, бала тікелей әрекетпен
айланысуы қажет. Мұғалім балалар-
дың қызығуын тәрбиелеуде оларға
әлі де онша мәлім емес кейбір жа-
нама қызығуларын тауып, соларды
тұрақтандыру жағын ойлауы керек.
Сонда
ғана бала рухани өмірге бай,
босқа зерігуді білмейтін, еңбекті
сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам
болып шығады.
ҚЫЛЫҚ –
(іс)
мінез-құлықтың
күрделі «бірлігін» белгілеу үшін Ген-
ри Мюррей енгізген термин. Түрлі
қылықтарға адамдар мен объектілер
арасындағы өзара әрекеттестік жата-
ды. Қ-тың ұнамды, бағалы норма-
лары адамды жағымды сенімдерді
бойға дарытуға себепші болады.
«ҚЫРҒЫзДАР»
– орыс антропо-
логі Н.Л. Зеландтың (1833-1902) 1885
жылы Омбыда жарық көрген еңбегі
«Бұл
қазақ халқының психология-
лық ерекшеліктері жайлы» жарық
көрген тұңғыш ғылыми туынды. Автор
халқымыздың ұлттық темперамен-
тін сангвинник типіне жатқызады.
Осы типті академик И.П. Павлов тір-
шілікке ең қолайлы, жауынгер тип
деп бағалаған. Зеландтың пікірінше,
Достарыңызбен бөлісу: