354
«Отан үшін отқа түссең күймейсің»,
«Жауға жаныңды берсең де, сырыңды
берме», «Жауды аяған – жаралы» деп
халық жастарды досқа мейірімді, жау-
ға қатал болуға тәрбиелейді. «Елін
сатып асаған, екі күн ғана жасаған»,
«Опасызда Отан жоқ»
деу арқылы
мақалдар туған елін, Отанын сатқан
опасыздың психологиясын көрсету-
ді ойлаған. Халық өз ұрпағын прин-
ципшілдікке, шыншылдыққа баули-
ды да, өтірік айтып күн
көру өмір
еместігін, өтірікпен адам алысқа бара
алмайтынын («Айтсаң сөзіңде тұр»,
«Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құй-
рығы бір-ақ тұтам»), адамның кейбір
ұнамсыз қылықтары – мақтаншақ-
тық, бөспе т. б. өтірік айтуға себепші
болатындығын айтып, өтірікшіні на-
шар мінезді адамның қатарына жат-
қызады да («Мақтаншақтық өтірік
айтқызады,
өтірік көңіл қайтқыза-
ды»), мұның адамға абырой әпермей-
тініне, кісінің қадір-қасиетін түсі-
ретініне ерекше тоқталып кетеді.
Мәселен, «Өтірікшінің шын сөзі –
зая» деп, халқымыз мұндай адамның
жұртқа қадірі болмайтынын; оның
сөзіне ешкім иланбайтындығын, оған
сенім болмайтынын ескертеді.
Халықтың ежелден қастерлеп келе
жатқан абзал қасиеттерінің бірі –
адалдық пен шыншылдық. Адалдық –
сөз бен сенім бірлігі, сөздің іске қай-
шы келмеуі. Адамның осындай асыл
қасиеттері
жөнінде мақалдар тө-
мендегіше тебіренген. «Адал түбі –
кеніш, арам түбі – реніш», «Адал ниет
аздырмайды, арамдық бойды жаз-
дырмайды». Мақалдар адалдық пен
арамдықты осылайша салыстыра оты-
рып,
бірінің зияндылығын, екінші-
сінің жақсы қасиет екендігін, бұл еке-
уінің бір жерге сыйыспайтындығын
айтады. Шыншылдық – адалдықтың
синонимі іспеттес айрылмас серігі.
Осы
қасиеттің маңызы жөнінде де
халқымыз аз айтпаған. «Сыр – шы-
мылдық; шындық – айна», «Қылыш
басыңа төнсе де, жалған айтпа»,
«Шындық үшін көрге кірсең де, бе-
тіңнен қайтпа», «Жауды әдіспен,
досыңды шындықпен жең», деген-
мақалдар шыншыл адам әділет үшін
өмірін де
қия алады, ол әділ, қара
қылды қақ жаратын адам, оның ойы
да орамды, іс-әрекеті де ақылға сы-
йымды болатындығын айтады. Әділ
сыншы болу үшін де, айтылған сын-
ның нысанаға дәл тиюі үшін де шын-
дық аса қажет. («Әділ кісі өзіне қат-
ты, өзгеге – тәтті», «Шешендік күші
шындықта», «Сын айту үшін шын
айт»), «Сырты бүтін, іші түтін», бос-
қа көлгірситін
адамдарда адалдық
пен шыншылдық сияқты асыл қасиет-
тер тұрақтап орын теппейтіндігін
де халық даналығы жұртқа ескертіп
отырған.
Мақал-мәтелдер қарапайымдылық
пен кішіпейілділікті де
адамның ең
жақсы мінездері деп есептеген. «Бе-
тегеден биік, жусаннан аласа», «Ұлық
болсаң, кішік бол», «Кішіпейілді-
лік – кісі көркі», «Тәлімнен әдеп жақ-
сы» дейтін мақалдардың кішіпейіл-
ділік адамның табиғи көрінісі болуы
тиіс, сонда ғана ол сүйкімді, ажарлы
мінез көрінісі болады деген идея жақ-
сы аңғарылады. Ал, «Қолы ашықтың
жолы ашық», «Жомарт бергенін айт-
пайды», «Батыр айтқанынан қайт-
пайды» деген мақалдар адамның жақ-
сы мінез көрінісінің бірі.
Жомарт
Достарыңызбен бөлісу: