Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет368/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЛИБИ
ЛУРИ


353
МАҒЫНА 
– қоршаған ортадағы әр-
түрлі құбылыстардың өзіндік мәнін 
тұлғаның түсінуі, М. оның объектив-
тік шындыққа субъективтік қатына-
сынан көрініс береді. Л.С.Выгот-
ский мен А.Н.Леонтьевтің пайымдау-
ларынша, М. түрткінің мақсатқа қа-
тынасы, яғни, тұлға шынайы реттеп 
туралай алады, мұнда жетекші рөлді 
түрткі атқарады да, содан М. адам 
санасын қарастыратын басты өлшем 
бірлігіне айналады.
МАҒЫНАCЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 
КЕДЕРГІ
. Белгілі құбылыстың ма-
ғынасын әртүрлі түсінуге байланыс-
ты адамдар арасында кездесетін ке-
дергі. Көбінесе ересектер мен бала-
лардың өзара қарым-қатынастарын-
да болады. Ол ересектердің талабы 
дұрыс екенін біліп тұрса да, бала ойын 
түсінбеу салдарынан туындайды. 
Өйткені балада қалыптасқан пікір-
лер мен құндылықтар үлкендер тү-
йіндерімен бір-біріне сәйкес келе 
бермейді.
МАКРОЭТНИКАЛЫҚ БІРЛІК 
(этникааралық қоғамдастық) – бір-
неше этникалық қауымдастықтарды 
қамтитын құрылым мен этникалық 
ұқсас бірліктердің ерекшеліктерімен 
сипатталады.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ПСИ-
ХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Фольклордың негізгі саласының бірі 
болып табылатын мақал-мәтелдерде 
адам жанының небір нәзік сырлары: 
ерлік пен батырлық, достық пен ын-
тымақтық, жауыздық пен зұлымдық, 
ақыл-ой, ерік-қайрат сияқты іргелі 
мәселелерімен қатар қазіргі психоло-
гия ғылымында кездесетін ұғымдар-
дың да үлкен тізбегі (арман, қиял, ес, 
ықылас, ынтық, ниет, ашу, қайғы, т.б.) 
сан қырынан сөз болған.
Мінез мәселесі көп заманнан бері күн
тәртібінен түспей келе жатқан мәнді 
тақырып. Мақал-мәтелдерде де осы 
мәселеге көбірек көңіл бөлінген. Он-
да мінездің түрлі бітіс-бейнелері әр 
қырынан сөз болады. Мәселен, «Елің 
еміренсе, сен тебірен», «Тереңнен 
тапқан кен қымбат, Тебірене сүйген 
ел қымбат», «Отаның – алтын бесік», 
«Отан оттан да ыстық», «Ел қуатты 
болмай, қуаныш тұрақты болмай-
ды», деген мақалдарда туған Отан 
адамға аса қымбат, елін, жерін сүйе 
білу әр адамның азаматтық борышы, 
(«Отан үшін еңбек етсең, халық сені 
құрмет етер», «Халық үшін қызмет 
етсең, созған қолың көкке жетер»), 
Отаншылдық – адам мінезінің аса
бір жақсы сапасы, деп үйретеді ма-
қал-мәтелдер. Отанды сүю, оны жау-
дың шабуылынан қорғау – әрбір аза-
маттың абыройлы борышы, ел қор-
ғау жолында ерлік жасап, ел-жұртты, 
Отандастарын қорғаған адамдарды 
халық мақтан тұтып, ардақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет