Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет376/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МАҚА
МАҚА


361
қартаймас, көз қартаяр», «Қарсы кел-
се кәрілік, қара нарды шөктірер», 
«Кәрі жатса қунайды». Бұрынғы кез-
де жарлы-жақыбай адамдардың 
қартайып, қалжыраған кезде де жайлы 
жатып тұруға, өзін-өзі күтуге шама-
сы келе бермейтіндігін көрсететін 
мақал-мәтелдер де аз емес. Мәселен, 
«Сексен бес көрейін деген жасым ба 
еді, быламық ішейін деген асым ба 
еді», «Тоймай ішкен асын, құрысын, 
қорлықпен жасаған| жасың құрысын», 
деген толғаулар сыйсыз кәріліктің 
ащы заңы сияқты. Ал «Көп жасаған 
құрдасынан айрылады», «Қатарынан 
айрылған шал құлазиды» деген ма-
қал-мәтелдерден адамдардың қар-
тайған сайын қатары сирей беретін-
дігін еске алған мұңды да сағыныш-
ты сезімін байқасақ, «Жастық – жа-
лын, кәрілік – күл», «Жас кезімде 
бейнет бер, қартайғанда дәулет бер»,
«Кәрілік – дауасыз дерт» деп халқы-
мыздың жалынды жастық шақты 
армандағанын, ол дәуреннің енді 
қайтып келмейтінін, қарттықтың кел-
мей қоймайтын табиғат заңы екенді-
гін дұрыс түсіне алғандығын аңғара-
мыз. Мақал-мәтелдер кәрі адамдар-
дың, ұнамды, жақсы қылықтарын 
жастарға үлгі етеді. Мәселен, «Кәрі 
жастың тезі», «Кәрі білгенді пері біл-
мейді», «Көп жасаған көмбенің үс-
тінен шығады», «Кәрі – кәрінің сөзі 
дәрі», «Алпыстан ақыл сұра» деген 
тұжырымдар да қарт адамдар өмір-
дің үлкен өткелінен өткен, көпті көр-
ген, тәжірибелі келетіндіктен олар-
дың ақыл-кеңестері жастардың са-
на-сезімінің, ақыл-ойының қалып-
тасуына зор ықпал ететіндігі айтыла-
ды. «Ақылды қария – ағып жатқан 
дария», «Көп жасаған білмейді, көп 
тоқыған біледі», деп халқымыз бес 
саусақтың әр түрлілігі сияқты көп жа-
саған кәрінің бәрі бірдей емес, деп, 
жан-жағына сезімталдықпен сергек қа-
рап, өмірден көрген-түйгені, тоқыға-
ны көп жаңа қарияларды құрмет 
тұтып, қадірлейді, жастарды солардан 
үлгі алуға шақырады. «Жақсы адам 
қартайса жазып қойған хаттай, жа-
ман адам қартайса бықсып жанған 
оттай», «Жақсы кісі қартайса да ақы-
лынан танбас», «Қартайып өлсең қа-
пыл жоқ» деп халық ерік-жігері мол, 
қайратты кісілердің қартайса да ой-
лау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері-
нің кемімейтіндігін, мұндайлардың 
қарттыққа мойымайтындығын, же-
ке өзгешеліктеріне қарай адамдар осы 
кезеңде де бір-бірінен ерекше ажы-
ратылып отыратындығын көреген-
дікпен түйе білген.
Халқымыз жас ұрпақты оқытып-тәр-
биелеу жайында да талай сындарлы 
пікірлер айтқан. «Баланы таба білсең, 
баға да біл», «Баланы сүйсең, тәрбие-
сін сүй», «Баланы мақтау жетілдір-
мейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» 
дейтін мақал-мәтелдер баланы құр
айналайын дей бермей, оны адамгер-
шілікке баулу жағын ойластыру қа-
жеттігін, от басынан, ұшатын ұясы-
нан, әке-шешесінен алатын тәрбие 
қандай болса, көп жағдайда оның 
алдағы өмірі де соған орай құрылады 
деген ойды аңғартады.
Жас бөбектерге шынайы тәрбие бе-
руде оның жеке психологиясын, жас
өзгешелігін, мінез-құлқының ерек-
шелігін айрықша ескеру қажет дейді 
мақалдар. Бұл жөнінде халық бірде: 
«Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілі-
мен сөйле», «Бала – көктен шыққан 
қызыл гүл, солдырмайтын жолын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет