364
лық болып бөлінеді. М. ұғымы алды-
мен эксперименттік психологияда
пайда болды. 1888 жылы орыс пси-
хологі Н.Н.Ланге (1858-1921) реак-
ция уақыты адамның бейімділігіне
байланысты екенін дәлелдеп берді.
М. терминін неміс психологтары
Г.Мюллер мен Ф.Шуман енгізді. М.
ерекшеліктері әр адамда әрқилы бо-
лады. Мақсаттылықтың тұрақты бо-
луы – оның маңызды ерекшелігі бо-
лып саналады. М. адамның жас ерек-
шеліктеріне де байланысты.
МАРГИНАЛДЫҚ ҚАСИЕТ
– екі
этникалық топтың шегінде болатын
ата-аналары әртүрлі этникалық топ-
тың өкілі болғандықтан біртектес эт-
никалық тұқымқуалаушылықтың өз-
геру формасы; Мұндай жағдайда
адамның шыққан тегі негізгі фактор
болып саналмайды. Маргиналдық
тұлға екі ортаның рухани өмірі мен
салт-дәстүрлерін шала-пұла пайда-
ланатын дүбәра (шала) адам.
МАСЛОУ АБРАХАМ ХАРОЛЬД
(1908-1970). Американ кәсіби және
ғылыми психологиялық қоғамдар-
дың мүшесі «Гуманистік психоло-
гия», «Трансперсоналды психоло-
гия» журналдарының негізін қалау-
шы. Адам психологиясын тұтас зерт-
теу оның аса маңызды құндылықта-
ры мен қасиеттерін талдау концеп-
циясын ұсынған.
Маслоу еңбектерінің дені өмірінің
соңғы 10 жылында жарық көрген.
Оның негізгі еңбектері: «Болмыс пси-
хологиясының бағытына қарай» (1968);
«Дін, құндылық тағы басқа күйзеліс-
тер» (1964); «Ғылым психологиясы:
рекогносцировка» (1966); «Мотива-
ция және тұлға» (1987) т.б.
МӘН
– іс-әрекет пен қарым-қаты-
настың бірлігі арқасында тұлғаның
шындықтағы құбылыстарды жалпы-
лай алуының нысаны. Мұнда жеке
тұлға қоғамдық-тарихи тәжірибені,
түрлі ұғымдар мен рөлдерді, құнды-
лықтар мен нормаларды меңгеруге
мүмкіндік алады. Олардың жекеле-
ген мағынасын психикалық үрдістер
(қабылдау, ес, ойлау, қиял т.б.) мен мі-
нез-құлқының түрлі актілері арқы-
лы бейнелеп отырады. Мұндайда нәр-
сенің мәнін меңгеруде адамның сөз-
ді, формуланы, сызбаны, өрнекті, кес-
тені және т.б. белгілерді пайдалануы
ерекше маңызды болады.
МӘНДІЛІК
– адамның көптеген
түрткілерінің бірі. Болмыстағы тір-
шілікте түрткілердің деңгейі әртүр-
лі болады. М. тұрақты және өткін-
ші болып бөлінеді. Мәселен, тұлға-
ның оқуға, білім алуға қатысы тұрақ-
ты М-ке ие болса, қолында сағаты
жоқ адамның уақытты білгісі келген
кездегі жағдайынан уақытша М-ті
байқауға болады. М.-тің мағынадан
айырмашылығы оның жеке жалқы-
лық сипатта болуында.
МӘҢГҮРТТІК
– өмір барысын-
дағы әртүрлі жағдайларға байланыс-
ты ана тілін білмей өсіп, өз ана ті-
лін
құрметтемеудің көрінісі. Әрбір
тұлғаның ана тіліндегі құндылықтар-
ға терең ойын сол тілді дамытуы
адамдық қасиеттерінің негізі болып
табылады. Әрбір этностың генети-
калық ерекшеліктері оның ана тілі-
Достарыңызбен бөлісу: