Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет381/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МЕДИ
МЕДИ


366
қол,көз, құлақ т. б.) атқаратын қыз-
метіне ерекше мән беруі тиіс. Екінші-
ден ол дәрігер адамның күнбе-күн-
гі тіршілігінде организмнің саулы-
ғымен, тәнді қалпына келтіруге қолда-
нылатын шараларды білу керек. Үшін-
шіден, ол аурудың түрлерін білумен 
қатар оның себептерін, әсіресе кесел-
ді жоятын жолдарды білуге, орга-
низмдегі аурудың әрекетін бақылау-
ға қабілетті болуы. Төртіншіден, дә-
рігерге сау және сырқат мүшелердің 
айырмашылықтарын айқындау, оның 
басты белгілерін білу, сондай-ақ іш-
кі мүшелерді де зерттеу қажет. Бе-
сіншіден, тамақтану режимін, дәрі-
дәрмекті (фармакология) қолдану 
жолын және дәрілердің ерекшелікте-
рін, олардың әсерлілігін артыратын 
барлық құралдарды білу қажет. Ал-
тыншыдан, ауру адамның денсаулы-
ғын нығайтуға жәрдемдесетін ғылы-
ми заңдарын білу, оны қолдану жол-
дарын меңгеру керек. Сөйтіп жерле-
сіміз жаратылыстану ғылымдары 
ішіндегі ең сүбелілерінің бірі – ме-
дицина туралы аса маңызды пікір-
лер айтып бұл ғылымның деректерін 
адамның тіршілік қажеттеріне пай-
далануды қарастырған, ол медици-
налық мәселелерді психология ғылы-
мымен жақындастыруды ерекше мақ-
сат тұтқан. Оны Шығыс әлемінде ме-
дициналық психологияға байланыс-
ты тұңғыш сындарлы пікір айтқан 
ғұлама деуіміз орынды.
Мақал-мәтелдерде денсаулық мәсе-
лесіне катысты ой-пікірлер де көп-
теп кездеседі. Халқымыз: «Денсау-
лық – зор байлық», «Әуелгі байлық –
денсаулық...», «Басы аманның малы 
түгел», «Тәні саудың жаны сау», «Он 
екі мүшең сау болса, жарлымын де-
ме, жаныңда жарық болса, зарлымын 
деме», деп денсаулық адамға өмір-
лік серік, жанның жақсы болуы тән-
ге байланысты екендігін, адам тәні-
нің байлығын ешнәрсемен теңестіру-
ге болмайтынын дұрыс тұжырымдай-
ды. Тазалық – денсаулықтың шарты 
деп халқымыз мұның маңызын жақ-
сы түсіне білген. «Тазалық – ден-
саулыққа кепіл», «Тазалық – саулық 
негізі», «Саулық – байлық негізі», 
«Аурудың алдын ал», «Күтінгенге 
кәрілік жоқ», «Сынықтан өзгенің бә-
рі жұғады», деп келетін мақал-мәтел-
дерде тазалық денсаулықтың негізі
екендігі, ол адамды аурудан сақтай-
тындығы, аурудың алдын алу ауы-
рып сырқамаудың жолы екендігі ес-
кертіледі.
Денсаулық үшін дұрыстап тамақта-
нудың, гигиеналық талаптарды дұ-
рыс сақтаудың маңызы зор. Бұл 
жөнінде халқымыз былай дейді: «Ас –
адамның арқауы», «Ас – адамның 
қуаты», «Тағам тән семіртеді; ақ ті-
лек жан семіртеді», «Аз қайғыны ас 
басады, көп қайғыны дос басады», 
«Ас тұрған жерде ауру тұрмайды». 
Осы түйіндер ас адамның өсіп-өнуі-
нің, организмнің жақсы жұмыс іс-
теуінің негізгі тірегі, басты шарты. 
Жақсы тамақтанудан тәнмен қоса 
жан да толысып, өсіп-жетіледі, дәмді 
тағам адамның тіпті жан қайғысын 
басуға да себін тигізеді деген тамаша
ой аңғарылады. Тамақтың жеткілік-
сіздігі мен құнарсыздығы адамның
көңіл күйіне әсер етіп, оның жұ-
мыс қабілетінің нашарлауына соқты-
ратыны белгілі. Мәселен, «Үйінде 
асы жоқтың, көңілінде хошы жоқ», 
«Ашаршылықта жеген құйқаның дә-
мі кетпес», «Аштық ас талғатпай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет