362
іздеп таба біл», «Қарды қылау өсіре-
ді, баланы сылау өсіреді» дейді. Ба-
ланы оқытып тәрбиелеуді оның жас
кезінен бастап қолға алса ғана тәрбие
нәтижелі болып, жақсы жеміс бере
алады. Жас бала табиғатында оқып
үйренуге, танып білуге әуес. Ұстаз
да, ата-ана да осы жайтты дер кезінде
тиімді пайдаланып қалуы қажет. «Ба-
ланы үйрет үйренетін кезінде», «Буы-
ның қатпай білім ал» дейді бұл жө-
нінде нақыл сөздер.
Халық даналығына үңіле түссең, одан:
«Қатарына қарап бала өсер», «Ор-
таңа қарап, өзіңді таны», дейтін ма-
қалдарды көптеп кездестіреміз. Мұн-
дағы тұжырымдар балғын жастың мі-
нез-құлқының қалыптасуында жо-
ғарыда айтқанымыздай оның өскен
ортасының қатар-құрбы, жолдас-
жораларының, сондай-ақ, ата-ана,
ұстаз, тәрбиешілердің өнеге-үлгілері
де айрықша маңызды екенін жақсы
аңғартады.
Халқымыз бала психологиясының
қалыптасуында ойын әрекеті де елеу-
лі рөл атқаратындығын жақсы аң-
ғарған. Ойынның маңызы жөнінде
мақал-мәтелдердің түйетіні мына-
лар: ойында бөбектің ортамен қа-
рым-қатынасы кеңейіп, таным қабі-
леті өсе, мінез-құлқы қалыптаса тү-
седі. Бала ойынының түрі де, маз-
мұны да сан алуан. Ойын үстінде ба-
ла достыққа, жолдастыққа, тапқыр-
лыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгер-
шілікке бау-лынады. Бала табиғаты-
нан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын –
балалық шақтың басты ерекшелігі.
Мәселен, «Баланың істегені білін-
бес», «Баламен ойнама шаршарсың»,
«Қыз – қуыршақ дейді, бала – құлын-
шақ дейді», «Ойнай білмеген ойлай
да білмейді» деген мақал-мәтелдер-
де баланың ойынға аса құмар келе-
тіндігі, ұл мен қыздың ойыны да түр-
ліше болатындығы, ойын арқылы
баланың сана-сезімі, кәсіп таңдауы,
ақыл-ойы өсіп, жетілетіндігі көрсе-
тілген.
Баланың дүние танымында, оның
психологиясының қалыптасуында
оқу-білімнің ерекше маңыз алатынын
да мақал-мәтелдер дұрыс көрсете ал-
ған. «Білімнен асар байлық жоқ»,
«Білек сүріндіре алмағанды, білім
сүріндіреді», «Білімдіден өнер құ-
тылмас», «Ақыл – тозбас тон, білім –
таусылмас кен», деп келетін мақал-
дардан осы идеяны жақсы аңғаруға
болады. Әрбір жеткіншек білімді
адамның жақсы ісін, әдепті қылы-
ғын өзіне үлгі етуі тиіс. Халқымыз
оқу процесінің еңбекпен егіз екен-
дігін де аңғарған. «Оқу – инемен құ-
дық қазғандай». Адам жүйелі, жос-
парлы оқу арқылы ғана өз білімін
дұрыстап толықтыра алады, оны ке-
йіннен қажетіне керегінше жарата-
ды. «Оқу – еңбекпен егіз», «Оқу – оқу
түбі тоқу», «Оқығаныңа мәз болма,
тоқығаныңа мәз бол», «Ғалым боп
ешкім тумайды, жетіледі оқумен»,
деген мақалдардан оқу – адамнын,
аса күрделі әрекетінің бірі екендігі,
ол көп еңбектенуді, терлеп-тепшу-
ді тілейтіндігі, адам іштен ғалым
болып тумай, өмірдің әрбір құбылы-
сын түсініп миға тоқығанда ғана жан-
жақты білімді, оқымысты, ғалым бо-
ла алады дейтін ой аңғарылады.
Жеткіншек жастың нәзік жанына
оқудың ұрығын себуші, оны мәпе-
леп, тәрбиелеуші – ұстаз. Мақал-мә-
телдер бұл жайтты естен шығарма-
ған. Мәселен, «Ұстазына қарап бала
Достарыңызбен бөлісу: