Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет373/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МАҚА
МАҚА


358
кеукеулеп аңға салғанның қызығы мен 
қатар қиындығы да мол нәрсе екенді-
гі айтылған.
Халық даналығы адамның тағдыры 
қоғаммен шарттас, экономикалық 
жағдай адамның моральдық-психо-
логиялық өзгешеліктерінің түрліше 
бөліп қалыптасуына әсер етеді, әлеу-
меттік теңдік жоқ жерде біркелкі пси-
хологиялық сипат болмайды деп дұ-
рыс тұжырымдайды. Мәселен, «Тұр-
мыс түзер бойыңды, бойың түзер 
ойыңды», «Артық байлық адамды 
аздырады», «Кедей мен бай жолдас 
болмас», «Дүниеқор – дүниенің құ-
лы», «Пара жеп би семіреді», «Бай 
бауырын танымас», «Сауда достықты 
танымас», «Теңгелі жерде теңдік 
жоқ», деген мақал-мәтелдерде бай мен 
кедейдің жүрер жолының бір емес-
тігі, байлар мен билердің және олар-
дың сойылын соғатындардың өле-
өлгенше дүниеге кезі тоймай, байыған 
үстіне байи түскісі келетіндігі, бұл 
жолда адамгершілік ар-намыс, ұят-
ожданнан жұрдай болып, қаталдық, 
мейрімсіздік т. б. осы секілді жағым-
сыз қасиеттерді бойына жинай түсе-
тіндігі сөз етіледі.
Мақал-мәтелдер еңбекші бұқараға да
күн туатындығын («Өмір кезек», «Таң 
атпайын дегенмен күн шыққанын 
қоймайды», «Батар күннің атар таңы 
бар», «Жарлы бойы жазылар, байлар-
ға көр қазылар» т.б.) еске сала, «Ер-
теңгі тауықтан бүгінгі жұмыртқа жақ-
сы» дегендей болашақтан босқа үміт-
теніп жүре бермей, үстем тап өкілде-
ріне қарсы «бір жеңнен қол, бір жа-
ғадан бас шығарып», бел шешіп, білек 
түрініп белсене күресу керектігін, 
іштей кіжінгенмен, істің бітпейтінді-
гін («Кіжінуің көп, килігуің жоқ») 
айтса, енді бір жерде: «Айрылған аза-
ды, қосылған озады», «Бірлігі күшті 
ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», «Бір-
лік болмай тірлік болмас», «Ырыс
алды ынтымақ», «Біріккен жүз быты-
раңқы мыңды алады», «Күш – бір-
лікте», деп елді бірлікке, ынтымаққа, 
татулыққа шақырып, езілген таптың 
бірігуі керектігін («Табы бірдің ары
бір») көпшілік ат төбеліндей азшы-
лықты жеңбей қоймайтындығын ес-
кертеді. Мақал-мәтелдер, сондай-ақ,
үстем тап өкілдерінің біріне-бірі жәр-
демдесіп отыратынын айтады. («Шош-
қа да шошқаны жармайды», «Қарға 
қарғаның көзін шұқымас»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет