Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет370/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МАҚА
МАҚА


355
адам біреуге жақсылық еттім деп жар 
салып, айқайламайды, ол кішіпейіл 
де, қарапайым. Адам мінезінің ен-
ді бір тамаша сипаты – достық. На-
ғыз достық мақал-мәтелдерде ерек-
ше қастерленген. «Адамның тұзды-
ғы – арасындағы достығы», «Досың-
нан сырыңды жасырма, дұшпанға 
шыныңды айтпа», «Досы көпті жау
алмайды», деген мақалдарда достық-
тың жалпы маңызы айтылса, енді 
біреулерінде («Қайғың болса досыңа 
бар, дос көтерер көңілді», «Есептескен 
дос болмайды», «Досың жылатып 
айтады, дұшпан күлдіріп айтады»), 
деп нағыз достықты әр қырынан си-
паттайды.
Мақал-мәтелдерде адам мінезін екі 
үлкен топқа бөліп, оны синтездей 
көрсетушілік басым келеді. Бұларда 
жақсы адамның психологиясы пиғы-
лы жаман адамға қарсы қойылып, 
бұл екеуі бір-бірімен салыстырылып 
отырылады. Мәселен, жаман мінезді 
адам онда былайша сипатталады. 
«Жаман қорыққанын сыйлайды», 
«Жаманның намысы болмайды», 
«Қазан қолыңды кірлейді, жаман 
жүзіңді кірлейді», «Жаман ісінен 
көрмейді, кісіден көреді». Жаман 
адам – ез, намыссыз, ол ісі түскенді, 
не қорыққанын ғана сыйлайды, мі-
нін көрмейді, оғаш қылығын басқа-
дан көруге тырысады, шамасы келсе 
сағыңды сындырады, менмен болып, 
бәлсініп кісіні менсінбейді, («Жаман 
өзі бола алмайды, болғанды көре 
алмайды»), жамандық туа бітпейді, 
ол өнегесіз ортадан, нашар тәрбие-
ден пайда болады, («Адам туа жаман 
емес, жүре жаман»).
Жақсы адам қайда жүрсе де береке-
лі, беделді, инабатты келеді. Соңғы-
лар жөнінде «Жақсыға тең жоқ», «Жақ-
сы көпке тәуір, дана елге бауыр», 
«Жақсының басына іс түссе ашынар 
да, ашылар», «Жақсымен сөйлессең 
қуанасың»,- дейді халық даналығы.
Халқымыз қашан да өз ісіне есеп бе-
ріп, өзін де, өзгені де әділ бағалай 
білген адамдарды қастерлеген, кісі-
нің өзін-өзі тәрбиелеуіне ерекше кө-
ңіл бөлген. Осы идеяны мына ма-
қалдардың мазмұны жақсы көрсетіп 
тұр: «Өзін-өзі түсінген дана, өзін-өзі 
жеңген қаһарман», «Ортаңа қарап 
өзіңді таны», «Өз ақылын шамалаған 
қор болмас», «Өзім білемін деген өр-
ге баспас», «Өзім білем деген жігіт-
тің басына ойран салғаны», «Өзім 
білем деген өлер, көп біледі деген 
күлер», «Өзім білем» деп өзеуреу 
нашар қасиет. Басқаның кемшілігін 
айтып түзету үшін мұндай кемшілік-
тен алдымен өзің азат болуың керек. 
«Өзгенің мінін білгенсін, өзіңде мін
болып жүрмесін», «Өз қатесін көр-
меген, кісінің қатесін сезбейді», «Өзің-
ді ер білсең, өзгені шер біл», «Білемін 
деп мақтанба, сенен де білгіш та-
былар», деп өнегелілікке баулып 
отырған халық өз ұрпағын.
Мақал-мәтелдерде әр халықтың өзін-
дік әдет-ғұрып, дәстүр салты, ұлттық 
мінез бітістері, әлеуметтік сезімдері 
мен көңіл күйлері, ерік-жігер қа-
сиеттері, алуан ойлары мен талап-
тілектері, бір сөзбен айтқанда, оның 
әлеуметтік психологиясы тамаша 
бейнеленген.
Тәлім-тәрбие, оқу-білім, адамның жас
кезеңдері, қоғамдық өмірдің сан қи-
лы жақтары мен қым-қиғаш қай-
шылықтары, мұндағы әр түрлі топтар, 
жеке адам мен коллектив арасында-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет