Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет380/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МАРГ
МӘҢГ


365
мен тікелей байланысты. Өз тілінде 
сөйлей алмаған адам ұлттық бейнесін 
жойып алады. Елін, туған халқын, 
ата жұртының тарихын білмеу, оның 
рухани мұрасынан бейхабар, шық-
қан тегінен де, тілінен де мақұрым 
болу, тіпті білгісі де келмеушіліктің, 
яғни мәңгүрттіктің бірнеше түрі бо-
лады. Патологиялық сырқатқа ұшы-
раған адамдар да осыған ұқсас күй-
ге түседі.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПСИХОЛО-
 
ГИЯ
– гигиена, профилактика, пси-
хофармология диагностиканың ау-
руларды емдеу мен сараптаудың мен 
психологиялық аспектілерін қамти-
тын психология ғылымының бір са-
ласы. М.п-ның зерттеу объектісі ау-
рудың пайда болуы, оның өту бары-
сы, оның адам психикасына ықпа-
лы, кісіні сауықтырудың оңтайлы 
әдіс-тәсілдері, ауру адамның мик-
роәлеуметтік ортамен қарым-қаты-
насының ерекшеліктері т.б. М.п-
ның құрылымы медицина ғылымы-
ның теориялық және практикалық 
мәселелермен денсаулық сақтаудың
нақты факторларын ашуға байла-
нысты жүргізілген іс-шараларға орай
бірнеше тараулардан тұрады. Бұ-
лардың ішіндегі ең ірі салаларға –
клиникалық психология, патопсихо-
логия, нейропсихология мен сома-
тикалық психология жатаы. М.п-
ның психокоррекциялық жұмыста-
ры психогигиена, психофармоколо-
гия, психотерапия, психикалық реа-
билитация салаларымен орайласа-
ды. М.п-ның аса маңызды мәселеле-
рінің арасында аурудың пайда бо-
луы, оның өрістеуі кезіндегі психи-
калық және соматикалық (денелік, 
физиологиялық) процестердің өзара 
әрекеттестігі науқастың ауруы жай-
лы дұрыс түсініктерінің қалыптасуы, 
ауруды дәрігердің емдеуге сенімділі-
гі психологиялық әсерін, ықпалын 
қамтамасыз ету мақсатында зерттеу 
проблемалары бар.
М.п. мәселелері есте жоқ ерте за-
мандардың өзінде-ақ ұлы ғұламалар-
дың назарына түскен, Мәселен, Шы-
ғыстың екінші Аристотелі Әл-Фара-
би медицина саласында ерекше ғы-
лыми трактат жазған. Оның бұл са-
ладағы еңбектерінің ішінде бастыла-
ры «Адамның дене мүшелері хақын-
да», «Аристотель мен Галенге қарсы 
айтылған дау хақында», «Аристотель 
мен Галеннің арасындағы дәнекер», 
«Түс көру туралы сөз», тағы басқа-
лары. Осы айтылғандармен қатар
оның «Медицина туралы ойлары», «Із-
гі қала тұрғындарының көзқараста-
ры туралы трактатында» да жан-
жақты сөз болады. Осы еңбектерде ай-
тылатын ойдың негізгі арқауы – адам
нәтижелі еңбек етіп, дұрыс демалып, 
жақсы өмір сүру үшін тән саулығы-
на ерекше көңіл аудару керек, яғни 
тәні саудың – жаны сау. Өзінің ме-
дициналық пікірлерін ол жантану 
ғылымымен байланыстырып, өз тұ-
жырымдарын осы ғылымның негіз-
гі принциптерінің айналасында өрбі-
теді. Ол «Философияны үйренуден 
бұрын нені білу керектігі» деген ең-
бегінде былай дейді: «Тәнді емдеу, 
Гиппократтың сөзімен айтқанда, –
өмірді ұзартатын болса, жанды ем-
деу онан да жақсы нәтижеге жеткізу-
ге тиіс». Ұлы ғұлама науқасты ем-
дейтін дәрігер біріншіден, адамның
психологиялық, әсіресе физиология-
лық әрекетіне, дене мүшелерінің (аяқ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет