372
ішінде көшуі, орын ауыстыруы (ішкі
миграция) немесе бір елден екінші
елге көшуі, қоныс ауыстыруы (сырт-
қы миграция). Миграция мәселесі
әлеуметтік: психология саласында
зерттеуге
алатын негізгі проблема-
лардың бірі.
МИДЫҢ ЕКІ СИГНАЛДЫҚ ЖҮ-
ЙЕСІ.
Осы мәселе жөнінде И.П.Пав-
лов былай деп жазды: «...жануарлар
үшін болмыс тек бірыңғай тітіркен-
діргіштер арқылы ғана және олар-
дың организмін көретін, еститін жә-
не басқа рецепторларының арнаулы
клеткаларына тікелей баратын үлкен
жарты шарлардағы іздері арқылы
ғана хабарланады.
Бұл біздің ай-
наламыздағы сыртқы ортадан жал-
пы табиғаттық және әлеуметтік ор-
тамыздан (сөзді) естігенді және тү-
сінігіміз сияқтылардың дәл өзі. Бұл
шындықтың бірінші сигнал жүйесі,
мұның өзі адамға,
жануарларға да
ортақ болады...».
Адамның жануарлардан басты айыр-
машылығы, онда еңбек пен қоғам өмі-
рі процесінде дыбысты тіл (звуко-
вой язык) дамып жетілген. И.П.Пав-
лов сөз тек адамға ғана тән жаңа сиг-
налдар жүйесі болып табылатынын,
оның шартты рефлекстерді қалып-
тастыруға негіз болатындығын көр-
сетіп берді. И.П.Павлов: «...сөз бол-
са, болмыстың екінші арнаулы ерек-
ше біздің сигнал жүйемізді құрды,
ол бірінші
сигналдың сигналы бо-
лады» ...ол ешбір теңдесі жоқ кең кө-
лемде, жануарлардың шартты тітір-
кендіргіштеріне сан жағынан да, са-
па жағынан да ешбір салыстыруға
болмайтын өте күрделі тітіркендір-
гіш» деген еді.
Екінші сигнал жүйесі жануарлар дү-
ниесінде болмайды.
Жануарларда
бірен-саран дыбыс реакциялары бар,
бірақ бұл дыбыстарда ешқандай ма-
ғына жоқ, ол жай биологиялық қа-
жеттің хабары ретінде шығып оты-
рады. Сөйтіп, жануарлар тіршілігі
үшін бірінші сигнал жүйесі
бірден-
бір жүйе болып табылады. Екінші
сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.
Бірақ адамдар мен жануарлардың
сигнал жүйелерінің арасында сапа-
лық айырмашылық бар.
Егер адам-
дардың бірінші сигнал жүйесінің
жүйкелік байланыстары қоғамдық қа-
тынастарды бейнелейтін болса, жа-
нуарлар дүниесінде бұл биология-
лық сипатта болады.
Сөз нақтылы тітіркендіргіш ретін-
де айтылу, естілу, жазылу немесе оқу
формасында келуі мүмкін. Мәселен,
біз «жылқы» деген сөзді еститін бол-
сақ, миымызда жылқының әр түрі-
нің бейнесі пайда болады. Мұнда біз
үйдегі торы байталды ғана емес, бас-
қа да жылқыларды елестетеміз. Сөй-
тіп, «жылқы» деген сөз жеке бір жа-
нуарды
білдірмей, толып жатқан
біртектес жылқы малының бейнесін
туғызады. Өйткені бұрын біздің
«жылқы» туралы хабарымыз болған-
дықтан, осы сөзді естігенде ол миы-
мызда қайта жаңғырады. Сондықтан
И.П.Павлов адамның басқа біреуден
еститін не өзі айтатын сөздерін «сиг-
налдардың сигналы» деп атаған.
Бізге сөздің тек дыбысы ғана әсер
етпейді,
адамға ең алдымен оның
мағынасы, мазмұны әсер етеді. Мә-
селен, маймылдар жиырмадан аса
түрлі дыбыстар шығара алады. Бі-
рақ бұл дыбыстар сигналдық қыз-
мет атқара алмайды. Өйткені, мұн-
Достарыңызбен бөлісу: