375
қалдыру қажет болған кезде меха-
никалық мнемоникалық әдіспен еске
қалдырып жаттаған дұрыс.
М О М Ы Ш Ұ Л Ы БАУ Ы РЖ А Н
(1910-1982).
Қазіргі Жамыл облы-
сының Жуалы ауданындағы «Көл-
бастау» деген мекенде туған. Жеті
жылдық білім алған соң біраз уақыт
мектеп мұғалімі болған. 1936 жылы
қайтадан әскер қатарына алынып, ро-
та командирі болады. 1941 жылы
Соғыс басталысымен ол генерал-ма-
йор И.В.Панфиловтың басшылы-
ғымен Алматы маңындағы жаңадан
жасақталған 316-атқыштар (8 гвар-
дия) дивизиясының құрамында атта-
нып, батальон, полк командирі қыз-
меттерін атқарған. Соғыс кезінде же-
ке басының қаһармандығымен ерек-
ше көзге түсті, батырлық атақ-даң-
қы алысқа тарады.
Соғыстан кейін Кеңес Армиясы бас
штабының Жоғары Әскери Акаде-
миясын бітіріп, әскери-педагогика-
лық қызметпен айналысып, әскери
академиясында сабақ берді. 1956 жы-
лы полковник атағымен отставкаға
шығып, бірыңғай шығармашылық-
пен айналысты.
Психология ғылымының шет ел-
дерде кең өріс алған салаларының
бірі – әскери психология. Қазақстанда
осы саланың іргесін қалаушы Б.Мо-
мышұлы болды. Бұл жөнінде оның
«Соғыс жылдарында» еңбегі мен со-
ғыс тақырыбына жазған еңбектері
дәлел. Шын мәнінде ол ірі әскери
теоретик, қазақтан шыққан алғашқы
әскери ғалым.
Қазақ халқының жауынгерлік пси-
хологиясы, жаужүрек батырлығы мен
ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық
қабілет-қарымы, әскерлерді ерлік
жасауға жұмылдыра білу қасиеті, ше-
шендігі мен әмір ете білушілік си-
паты бұрын-соңды дәл Момышұлын-
дай ешбір тұлғадан көрініс таба ал-
ған жоқ.
Ол өзін сұрапыл шайқастарда шы-
ғармашылық тұрғыдан терең ойлай
білетін, солдат жанын терең түсіне-
тін психолог командир ретінде таны-
та алды. Момышұлы өзінің еңбек-
терінде, ең алдымен, ұрыс кезіндегі
солдат психологиясына жан-жақты
талдау жасай келіп, ұрыс дегеніміз
дұшпанға ұйымдасқан түрде техни-
камен, қару-жарақ күшімен, психи-
камен, ақылмен әсер ету деп түйді.
Ол солдатқа ықпал ету құралдары
түрлерінің ішінен ақыл-айламен
әсер етуге ерекше мән берді. Оның
пікірінше, ұрыс тек соғыс құрал-
дарының шайқасы емес, ол сондай-
ақ бір-бірімен жауласқан екі жақтың
ақыл-парасатының, жауынгер рухы-
ның, оның ерік-жігер, қажыр-қайрат,
сезім дүниесінің шайқасы. Кімде
рухани күш басым болса, көбіне тіз-
гіні де соның қолына көшеді. Дұш-
панға атыс құралдарымен ықпал ету-
ден ақылмен ықпал ету кем түспей-
ді. Адам бойындағы бүкіл жақсы-
жаман қасиеттер, алған тәлім-тәрбие,
үлгі-өнеге, Отанға, елге сүйіспенші-
лік, батылдық пен ерлік, қоянжүрек-
тіліктің нағыз сынға түсер жері де
осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. «Тек
ұрыста ғана, – деп жазды ол, – адам-
ның барлық қасиеті сынға түседі...
ұрыс психологиясы сан қырлы... Ұрыс
жалған батырлықтың бет пердесін
сыпырып тастайды» Ұрыс үстінде
алдымен сынға түсетін жаяу әскер.
Сондықтан басқа әскер түрлерімен
Достарыңызбен бөлісу: