374
қабығының кұрылысы ерекше дамып,
жетілгендіктен
адам миының ана-
лиздік, синтездік қызметі өте күшті
дамып жетілген. Тіпті кішкентай ба-
ланың миының осындай қызметіне
де жануарлар дүниесіндегі дамудың
ең жоғарғы сатысында тұрған май-
мыл миының анализдік, синтездік
қызметі ешбір тең келе алмайды.
МИ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚОзҒА-
ЛЫС АЙМАҚТАРЫ –
үлкен ми
сыңарларының алдыңғы ирегі, Ро-
ланд сайының алдында орналасқан.
Бұл жерде негізінен Бец деп атала-
тын алып пирамида тәрізді жасуша-
лар болады. Олардың ұзын өскінде-
рі пирамидалық өткізуші жол құра-
мына еніп, аралық және жұлынның
қозғаушы нейрондарымен жалғасып
жатады.
Қозғалыс аймағының ең
жоғарғы жерінде – аяқ, содан соң
қол, бас, бет, мойын, ал ең төменгі
бөліктерінде – тіл, жұтқыншақ және
т.б. ағзалардың қозғаушы жүйкелері-
нің орталығы орналасқан.
МИМИКА
(ым, беттің бұлшық ет-
терінің түрлі эмоциялық көріністер-
ге адамның бет құбылыстарына
экспрессивті-мәнерлі
қимыл-қозға-
лыстарының жиынтығы,. Түрлі ми-
микалық құбылыстар адамның пси-
хологиялық күйін аңғаруға мүмкін-
дік береді. Төл тілімізде мұны ым,
ым-ишаралар деп атайды. Халқы-
мыздың «Ымға түсінбеген, дымға
түсінбейді»
дейтін қанатты сөзі де
жайтқа байланысты айтылса керек.
МИ СЫҢАРЛАРЫ.
М.с. екі бөлік-
тен (оң жақ, сол жақ) тұрады. Оның
салмағы бүкіл ми бағаны салмағы-
ның 80 пайызына тең. Мұның іші ақ
заттан, сыртқы қабығы сұр заттан
тұрады, сұр зат ми қабығы деп ата-
лады. Ол қалыңдығы 2-3 миллиметр-
лік бірнеше қабаттан құралады. Бұлар-
дың клеткалары өздерінің типі мен
атқаратын
қызметіне қарай бір-бірі-
нен өзгеше болып келеді. Осы клет-
калардан тұратын жүйке талшық-
тары миды сезім мүшелерімен, дене-
нің әр түрлі бөліктерімен байла-
ныстырады. Мұндағы клеткалардың
саны 15 миллиардқа жуық. Ми қа-
бығы екі үлкен сайдан (Салви, Ро-
ланд), көптеген иректерден тұрады.
Онда көптеген жүйке
орталықтары
(көру, есту, дәм, қозғалыс, т.б.) бар.
Олардың жалпы саны 200-ге жуық.
Ми сырт жағынан төрт бөлікке бө-
лінеді. Олар: маңдай, төбе, қос са-
май, желке. Ми қабығы бірыңғай тұ-
тас мүше, ол қабылдағыш аспап іс-
петтес
көптеген талдағыштар ядро-
сының жиынтығы.
МНЕМОНИКА
– грек сөзі, қаз.
ж
аттау өнері
деген мағынаны біл-
діреді. Жаттаудың мнемоникалық әді-
сінің бірі – механикалық (мәселенің
мағынасына түсінбей) есте қалдыру.
Егер мағыналы есте қалдырудың
мәнісі құбылыстардың ішкі мәніне,
олардың
бір-бірімен байланысына
түсіну болатын болса, механикалық
есте қалдыруда заттар нәрселердің
тек сыртқы байланысқа түседі. Мұ-
ның басты шарты – қайталау. Естің
бұл түрінің кей жағдайларда іске қа-
жет болып қалатын кездері болады.
Шет ел сөздерінің жазылуы мен ай-
тылуын, қиын сөздер мен атауларды,
хронологиялық даталары, көше, жер,
су аттарын, телефон нөмірлерін есте
Достарыңызбен бөлісу: