371
түрде қабылдайды.
Бұл жеке тұл-
ғаның әлеуметтік рөлін түсініп, оны
қабылдауға мүмкіндік береді. Әлеу-
меттік психологияға Мидтің енгізген
негізгі ұғымдары (әлеуметтік рөл,
әлеуметтік мәртебе және т.б.). Бұлар
қазіргі әлеуметтік психологияның
іргелі ұғымдары болып есептеледі. Ол
адамның әлеуметтенуінің ең жоға-
ры түрі – әлеуметтік рефлексияны
зерттейді. Бұл айтылғандар Мидтің
«Сана, тұлға және қоғам» (1934) ең-
бегінде баяндалған.
МИДЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ «ТАҢ-
БА» ЖҮЙЕСІ.
Белгілі тітіркендір-
гіштерді бір қалыпты ұзақ уақыт қай-
талай берсе, ми қабығында қозу мен
тежелудің, тұрақты,
бір ізге салын-
ған жүйелері пайда болады. Соның
нәтижесінде 1 рефлекстердің бекіген
жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп
күш жұмсауды қажет етпейді де.
Мәселен, егер итте күрделі тітіркен-
діргіштердің жиынтығына бірнеше
рефлекстер туғызылса, (қоңырау, жа-
рық, метроном т.б.) және олар бел-
гілі тәртіп бойынша жеткілікті түр-
де қайталанса,
кейін оған тітіркен-
діргіштердің біреуімен ғана әсер
етсе болды, ит бұрынғы жауап реак-
циясының бүкіл жүйесін өзгерт-
пей, түгелімен қайта жаңғыртып шы-
ғады. Осы секілді үнемі қайталанып
отыратын тітіркендіргіштерге орга-
низмнің төселуін, соның нәтижесін-
де ми қабығында қозу мен тежелу
жүйесі жасалады. Мұны И.П.Павлов
динамикалық стереотип деп атаған.
Бұл ми қабығының «біріккен әре-
кеті», «ішкі
процестердің, жаттық-
қан және теңескен жүйесі». Қозу
мен тежелудің осындай бірқалыпты
стереотиптері сыртқы ортадан келе-
тін тітіркендіргіштердің бірсыдыр-
ғы тұрақталған жағдайында ғана
жасалынады.
Динамикалық стерео-
типтер сыртқы ортаның өзгеруіне
қарай жаңадан құралып, ал ортаға
сәйкес келмеген жағдайларда қайта-
дан жаңғырығып тұрады. Адамның
сан
алуан дағдылары мен әдеттері,
жүріс-тұрыстың, мінез бітістерінің
бірқалыпты көріністері осындай ди-
намикалық стереотиптерден тұрады.
И.П.Павловтың ілімі бізге тек пси-
хикалық құбылыстардың физиоло-
гиялық негізін ашпай,
сонымен қа-
тар, оларды тәрбиелеудің жолдарын
да көрсетеді. Адамның барлық өмірі,
оқыту-тәрбиелеу процесі, түрлі әдет-
ғұрпы мен мінез-құлқының сан алуан
көріністері бірінші және екінші сиг-
нал жүйелерінің бірлескен жұмы-
сына негізделген шартты рефлекстер
болып табылады. Жүйке жүйесі икем-
ге көнгіш, онда адамның кейбір ке-
містіктеріне қарсы күресетін компен-
саторлық механизмдер де жеткілік-
ті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек
тума қасиеттерімен ғана емес, орга-
низмнің жеке өмір сүру
барысында
оған үнемі әсер етіп отыратын тәр-
бие мен оқыту процесіне байланыс-
ты осынау тұжырымдар И.П.Павлов
ілімінің ең негізгі арқауы болып та-
былады. И.П.Павловтың ілімі адам
санасы мен жануарлар психикасы-
ның арасындағы айырмашылық-
тарды жан-жақты зерттеуге мүмкін-
дік туғызды. Оның жоғары жүйке
қызметі жөніндегі ілімінің баға жет-
пес маңызы да осында.
Достарыңызбен бөлісу: