Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет352/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚҰЛЖ
ҚҰЛЖ


337
сар баланың психологиясын былай 
сипаттайды: «Үш жасар бала бір ты-
ным жоқ «басты қатырады» деп ше-
шесі зарлайды. Үш жасар бала істі 
өзі орындағанды жақсы көреді. Өзім 
істеймін деп араласады. Сұрамайтын 
сөзі жоқ, неге бұлай? Ол өзі ұстап 
байқағанды жақсы көреді. Кісіні шар-
шатады. Ат болады, түйе болады. 
Шешесі болып ойнайды, тағы да басқа 
ойын дүниесіне кіріседі... Үш жа-
сардың сөзінің түбі жоқ. Айтқанды 
тыңдауға, тынымсыз, сөзбен жағалас 
жүреді... Нәрсенің бәрін білгісі ке-
леді... Тапқан заттарының бәрін ойын
қылады... Ойын – оның шын тірші-
лігі... Төңіректегі нәрседен өзіне қы-
зықты ғана көзіне түсіп, ықылас тар-
тады...».
Бұдан 70 жыл бұрын айтылған осы-
нау психологиялық сипаттамалар-
дың қазіргі ғылыми психология айта-
тын түйіндерден ешбір айырмашы-
лығы жоқ, өресі биік, сындарлы ой-
пікір екендігіне шүбә келтіруге бол-
майды.
Н.Құлжанова қазақ отбасыларында 
мектепке дейінгі бала тәрбиесінде 
орын алып келе жатқан кейбір кем-
шiліктерді көрсетеді. «Жас балаға 
үлкендер тыныш отыруды бұйырады. 
Үйге қамап қояды. Шамасынан ар-
тық қызмет тапсырады. Қазақ қызда-
рын үйге отырғызып қояды. Балалар 
далаға шығып, басқалармен ойна-
ғысы, қозы қуғысы келеді. Үлкеңдер 
өз еркімен жүргісі келген балаға зор-
лық жасайды... Баланың өзіне кере-
гін істетпей, «адам болмайсың» деп 
ұялтады... Онан білгенінің көбіне кө-
ңіл бөлмейді... Бала ойнақтаған құ-
лын-тайдай, желкілдеген гүлдей өсуі 
керек».
Қазақ баласының психологиялық 
ерекшеліктерін жазбай танитын ол 
ересектер мен бөбектер арасындағы 
қарым-қатынас мәселесіне айрықша 
мән береді. Бұл жөнінде ол былай 
дейді: «Балаға сусындай керегінің 
бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі –
баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. 
Сұрағына жауап бермей «мазамды 
алма» деп, үнемі баланың бетін қай-
тару арқылы оның сол білімге құмар-
лығының негізін жоғалтып жіберуге 
болады», – дей келе автор, бала ойы-
ны тану, білу құмарлығымен ұшта-
сып жататындығын ескертеді.
Н.Құлжанова баланы жас кезінде 
көбінде табиғат аясында бағып-қағу-
дың тиімділігін айтады: «Жараты-
лыстың, – деп жазды ол, – өз дү-
ниесінде, даланың кеңшілігінде шыл-
пылдап суына түсіп, жүгіріп, құспен 
бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-
шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көк-
орай шалғын, тоғай арасында сай-
раңдап жүріп, көңілі де, жан-тәні де 
бірдей тегіс өсіп, өркендемек». Ол
осы пікірін әрмен қарай жалғастыра 
келіп: «Әрбір құлықты, жақсы адам 
мінезінің түпкі негізінде болатын ең-
бек ету, жан және дене мүшелерінің 
машықтары бала әдетіне төңіректе-
гінің бәріне еліктегіш, тал-шыбықтай 
икемді, нәзік, жас кезінде кіріп, сіңіп
қалады», – дейді автор. Ойын бала-
сының мектеп жасына дейінгі бүкіл 
тыныс-тіршілігі, оның мектепте алар
тәлімінің әзірлік сатысы болып табы-
латындықтан осы кезеңдегі тәлім-
тәрбиеге ерекше мұқият қараудың ма-
ңыздылығына тоқталады.
Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәр-
биенің басты бағыттарын «Тән сау-
лығы», «Баланың сырт сезімдерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет