Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет356/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚҰНА
ҚҰНА


341
«Әрбір құмарлық өзіне бір дерт бо-
лады екен, әр түрлі құмар болған 
нәрсеге жеткенде, яки, әне-міне, же-
тер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі 
мастық пайда болады екен» – деп 
суреттейді.
Абайдың ойынша құмарлық жаңа-
дан білім алуға көмектессе ғана адам-
ның рухани өсуінің қуатты күшіне 
айнала алады. Адамның көңіл көтеріп, 
бойына қуат беретін сезімдердің бі-
рі – қуаныш. Ар-ожданы таза адам 
ғана бар шынайы көңілімен күледі. 
«Әрбір жақсы адамның жақсылық 
тапқанына рахаттанып күлесің, оның
жақсылықты жақсылығынан тапқан-
дығын ғибрат көріп күл», – дей оты-
рып, қуаныштың ғана шын көңілден 
күлкі шығаратынын меңзейді. Ақын 
сонымен қатар: «...қолдан жасап, 
сырты менен бет-аузын түзеп, бай-
бай күлкінің әнін әндеп, әдемілік үшін 
күлетін бояма күлкінің» қажетсізді-
гін еске салады. Күлкі, қуаныш тура-
лы ойын жалғастыра келе, Абай: 
«Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, 
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ер-
ме», – деп жастарды басына іс түскен-
де сары уайымға беріліп, жүнжіп кет-
пей, өмірге құштарлығын жоғалтпау-
ға шақырады. «Әрбір орынды хара-
кет өзі де уайым-қайғыны азайтады, 
орынсыз күлкіменен азайтпа, орын-
ды харакетпен азайт!», – дейді Абай.
Өзінің қадір-қасиетін, өмірдегі ор-
нын білетін саналы адамның қай-
қайсысында да мақтаныш сезімі бо-
лады. Абай мақтанышты адамның 
өркөкіректік, мақтаншақтық, мен-
мендік сияқты мінездің жағымсыз 
сипаттарына қарсы қояды. Мақта-
нышты үлкендіктің, кісіліктің бала-
масы деп түсінген ақын: «Үлкендік –
адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп 
қылмақ. Мысалы, надан атанбасты-
ғын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ 
атанбастығын, әдепсіз атанбасты-
ғын, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұ-
раншақ, өсекші, өтірікші алдамшы
кеселді – осындай жарамсыз қылық-
тардан сақтанып, сол мінездерді бо-
йына қорлық біліп, өзін ондайлардан 
зор есептемек. Бұл мінез – ақылды-
лардың, арлылардың мінезі», – деп 
тұжырымдайды.
Ашу – Абай түсінігінде негізінен 
жағымсыз сезім. Ол ашуды екі тұр-
ғыдан қарастырады: біреуі – оқыс 
қимылдар мен ащы сөздер арқылы 
сырттай айқын көрінгенімен, дүмпуі 
әлсіз, кісінің көңілінде дақ қалдыр-
май тез тарқап кетеді де, екіншісі –
сыртқа шықпай, жасырын қуатын 
ішке бүгеді. Ашу туралы ойларын 
ақын: «Ашулы адамның сөзі аз бол-
са, ыза, қуаты артында болғаны. Егер-
де аузынан қара қан ағызса, домбыт, 
мақтаншақ, иә қорқақ», – деген қа-
натты сөздермен түйіндейді. Адам-
ның ең асыл қасиеттерінің бірі – ар-
ұят, арлылық, ождандылық. Абайдың 
түсіндіруінше ар-ұят адамның іс әре-
кетімен тығыз байланысты. «Отыз 
алтыншы сөзінде» адамның осы се-
кілді қастерлі сезімін ол былайша 
сипаттайды: «Олай болғанда білмек 
керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят 
бар надандықтың ұяты... ұялмас нәр-
седен... ұялу – ақымақтық, жамандық. 
Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа 
теріс, иә ақылға теріс, иә абиүрлы 
бойға теріс бір іс себепті болады. Мұн-
дай ұят екі түрлі болады. Біреуі –
ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет