327
деп аталады. Функциялық тұрғыдан
Қ. субъектіге алдағы қауіп туралы
ескерту болады, оның негізіне барын-
ша назар аударуға мүмкіндік береді,
одан құтылу жолдарын іздеуге итер-
мелейді. Қ. аффект күшіне жеткен
жағдайда (үрейлі
қорқыныш, зәресі
қашу) ол мінез- құлық стереотипте-
ріне ұрындырады (қашу, сілею, қорға-
ныш агрессиясы).
Адамның әлеуметтік дамуында Қ.
тәрбие құралдарының бірі болып кө-
рінеді: мыс., айыпталудан қорқыныш-
тың қалыптасуы жүріс-тұрысты
реттейтін фактор ретінде пайдаланы-
лады. Қоғам жағдайында индивид
құқықтық және басқа да әлеуметтік
институттардың қорғауында болатын-
дықтан, адамның қорқынышқа шама-
дан
тыс бой алдыруы бейімделуші-
лік мағынасынан айырылып, дәстүр-
де жағымсыз қасиет деп бағамда-
лады. Қорқыныштың қалыптасқан
реакциялары біршама орнықты бо-
лып табылады және олардың мағына-
сыз екендігін түсінген күннің өзінде
сақтала беруі мүмкін. Сондықтан қор-
қынышқа
қарсы беріктікке тәрбие-
леу, әдетте, адамды одан біржола арыл-
туға бағытталмай, қорқыныш бол-
ғандай жағдайда өзін-өзі ұстай білу-
шілік қасиеттерін дарытуға бағыт-
талады.
Жағдаятқа мөлшерлес емес
қорқыныш реакциялары әр түрлі
психикалық аурулар кезінде бай-
қалады.
Достарыңызбен бөлісу: