Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет338/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚОЖА
ҚОЖА


323
түрінде баяндай бермей, мәселенің іш-
кі ғылыми астарына, оның пәлсапа-
лық, психологиялық жақтарына терең-
деу үшін баяндайды. Бұл жерде 
оның бүкіл әлемдік педагогика клас-
сиктерінің (Аристотель, Платон, Ко-
менский, Песталоцци, Локк, Фребель,
Гербарт, т.б.) ғылыми мұраларына 
жасаған талдаулары оқырман наза-
рын өзіне мықтап баурап алады. Қа-
зақ топырағында сол жылдарда осы-
нау ғұламалардың тәліми мұралары 
көпшілікке мәлім болмағандығы бел-
гілі. Өйткені, 20-жылдары осындай 
ақыл-ой алыптары жайлы сөз қозға-
ған жекелеген зиялыларымыздың 
(О.Қарашұлы, М.Жұмабаев, Ж.Ай-
мауытов) азды-көпті еңбектері белгі-
лі себептермен көпшілік жұртшы-
лыққа беймәлім болып келді.
Осы тұрғыдан алып қарағанымызда 
С.Қожахметовтың педагогика тари-
хына байланысты еңбектерін өлкеміз-
дегі осы ғылымның алғашқы қарлы-
ғаштары десек артық болмас еді. Ав-
тор аталмыш еңбектерінде педагоги-
ка мен педагогика тарихын бір-бі-
рінен алшақтатпай, екеуін өзара үй-
лестіріп, сол кездегі қазақ мектебінің 
талап-тілегіне байланыстыра сөз етіп
отырады. Автор еңбектерінде теория-
лық пайымдаулармен қатар мәнді 
ұсыныс-тілектер де көптеп кездесе-
ді. Мәселен, қазақ мектебіндегі са-
бақтың негізгі
 
элементтері мен құры-
лымдары, бұлардың өзіндік функ-
циялары мен мақсаттары, шәкірттер-
ге сабақ берудің әдістері мен амал-
дары (сұрақ, жауаптың сан алуан
штрихтары) т.б. тартымды баяндалған.
Оқушылардың білімін бағалау жөнін-
де айтқан автор түйіндері психоло-
гиялық жағынан өте маңызды. Ол: 
«Мұғалім... оқушылардың үйде жұ-
мыс істеуіне мүмкіншіліктері бар-жо-
ғын, денсаулығын және ұғыну зерек-
тік өзгешеліктерін де еске алып оты-
руы шарт, өйткені бұлардың барлы-
ғы да оқушылардың сабақ үлгеріміне 
әсер етеді Кейбір оқушының есту 
сезімі, ал кейбіреудің көру сезімі ба-
сым келеді... адамның маңайындағы 
құбылыстарды түсінулері және ойға 
ұстап қалулары бірдей емес»... Ғалым 
шәкірт білімін бағалауда қателіктер 
жібермес үшін мұғалім өз оқушыла-
рын бес саусағындай білуі, олардың 
психологиясын жазбай тануы керек. 
Бұл үшін ол %-психологиялық зерт-
теу әдістерімен жәй хабардар бол-
май, оларды оқу-тәрбие практикасын-
да үнемі қолданып отыруы қажет 
дейді.
С.Қожахметов шәкірттердің адамгер-
шілік пен әдеп, саналы тәртіпке тәр-
биелу мәселелерінің психологиялық 
астарларына байланысты бірнеше 
еңбек жазды. Соның бірі – 1940 жылы 
Қазақ мемлекет баспасынан жарық 
көрген «Оқушыларды саналы тәртіп-
ке тәрбиелеу туралы» кітапшасы.
Автор өз еңбегінде дүниежүзілік пе-
дагогиканың классигі Ян Амос Ко-
менскийдің «Тәртібі жоқ мектеп 
– 
су-
сыз диірменмен тең» дейтін афориз-
мін эпиграф етіп алады. Еңбек негізі-
нен қазақ (ауыл) мұғалімдеріне, олар-
дың педагогикалық-психологиялық 
таным-түсініктерін жетілдіре түсу мақ-
сатында жазылған. «...Жұмыстан күр-
делі нәтиже шығару үшін, – дейді ол, –
еңбектің өнімін арттыру үшін, ең 
алдымен тәртіп керек. Тәртіп – адам-
ның еңбекке қатынасының ең басты 
бір белгісі болып табылады... Саналы 
тәртіп оқушылардың азаматтық қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет