Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет336/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚОзҒ
ҚОзУ


321
берілген органға тән абсолюттік қо-
зу табалдырығынан асып түсетін бел-
гілі бір қарқындылығында ғана пай-
да болады. Қ.-дың негізінде физи-
калық-химиялық процестер жатады; 
қозуға қабаттасатын жасушалық дең-
гейде де, сондай-ақ жануар мен адам 
денесінің бетінен де тіркеуге келетін 
биоэлектрлік құбылыстар да осы 
процестермен байланысты. Қ-дың та-
ралу әдістері жүйке жүйесінің ныса-
нына байланысты: ең қарапайым 
(диффузиялық) жүйке жүйесінде 
белсенділік әртүрлі бағыттарда бір-
келкі өтіп, біртіндеп өшеді.
Эволюция барысында жүйке жүйесі-
нің күрделіленуімен қатар, қозудың 
берілу әдістері де жетілдірілді, бұ-
лар арқылы осы процесс жолдың ая-
ғына дейін қандай да болсын бәсен-
деусіз таралады; осының өзі қозудың 
тұтастай организмге реттеуші функ-
цияны іске асыруына мүмкіндік 
береді. Қ. процесі тежелумен бірге жо-
ғары жүйке қызметінің негізін құрай-
ды. Олардың динамикасы ең күрде-
лісіне дейін барлық мінез-құлық 
актілеріне әсер етеді, ал олардың ин-
дивидуумдық ерекшеліктері жоғары 
жүйке қызметінің типін анықтайды. 
Қозу табалдырығы – нейронды қоз-
дыратын стимулдың минималды энер-
гиясы. Психологиялық сезгіштік та-
балдырықтары тек статистикалык өң-
деумен ғана анықталады.
ҚОЖАХМЕТОВ СҰЛТАНБЕК 
(1912-1945) – 
Ұлы Отан соғысына 
дейінгі кезеңде Қазақстанда педаго-
гика, психология ғылымдарын жұрт-
шылыққа кеңінен насихаттаушылар-
дың алдыңғы қатарында жүрген ға-
лымдардың бірі. Ол Көкшетау об-
лысындағы қазақ ауылдарының бі-
рінде шаруа отбасында дүниеге кел-
ген. Ресей қалаларында оқып, білім
алған. Ол 1937-38 жылдары Қазақ 
мемлекеттік университетінде педаго-
гика теориясы мен тарихынан, пси-
хологиядан сабақ береді.
1938 жылы Абай атындағы Қазақ 
педагогика институтына ауысады, 
мұнда да аталмыш пәндерден дәріс 
оқиды. Мұғалімдік қызметімен қоса 
Қазақ КСР Оқу халық комиссариаты-
на қарасты мектеп Ғылыми-зерттеу 
институтында педагогика бөлімінің 
меңгерушісі болып қызмет істейді. 
Ұлы отан соғысына қатысып, сонда 
ерлікпен қаза табады. С.Қожахметов –
педагогика ғылымы саласында дидак-
тика теориясынан қазақ тілінде алғаш
диссертация қорғаған қазақ зиялыла-
рының бірі (1939), кейіннен оны «Пе-
дагогика мәселелері» деген атпен 
жеке кітап (1940) етіп шығарды. Мұн-
да шәкірт меңгеретін білімнің сана-
лылығы мен жинақтылығының өл-
шемдері баланың өз бетімен кітап
оқу дағдысын қалыптастыру мәсе-
лелері, оқушының эстетикалық (сұ-
лулық) талғамдарын дамытып, қа-
лыптастыру, оның алған білімі мен 
дағды, іскерлігін бағалай білудің ғы-
лыми негіздері қарастырылады. Мы-
салы: «Түйсіксіз білімнің тиянақты 
болмайтындығы жұрттың бәріне мә-
лім. Түйсік субъектив пен объектив-
тің қолма-қол туралай байланысы. Біз
түйсік арқылы ғана барлық заттар 
туралы және олардың процесі жөнін-
де ұғым ала аламыз. Түйсік барлық 
ғылыми түсініктің және ұғымның 
негізі. Міне, сондықтан білімді тия-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет