Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет335/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚИЯЛ
ҚИЯЛ


320
ҚОзҒАЛЫСТЫ ҚАБЫЛДАУ 

бұл объектілердің кеңістіктегі орны 
мен қалпының өзгерісін бейнелеу. 
Қ.қ. өмірлік маңызға ие. Қозғалысқа 
көру жүйесінің перифериялық бөлі-
мі сезімтал келеді. Объект табыл-
ғанда, көру аумағының шет жағында
оның түскен бейнесі көздің рефлек-
торлық бұрылысын тудырады, нәти-
жесінде объект бейнесі көру аумағы-
ның орталығына ауысады, осы жер-
де бұл объектіні ажырату мен тану 
жүзеге асады. Заттың қозғалысын 
қабылдау, негізінен, оның қандай да 
бір фонда орын ауыстыру немесе жыл-
жи отырып, көз торының түрлі жа-
сушаларының кезекті қозуын туды-
рады.
Қ.қ.-да көру және кинестезиялық 
анализаторлары негізгі рөл атқара-
ды. Объект қозғалысының параметр-
лері болып табылатындар: жылдам-
дық, үдеу және бағыт. Адам объекті-
лердің кеңістіктегі орын ауыстыруы 
жөніндегі мағлұматты екі жолмен: 
орын ауыстыру немесе қозғалысты 
тікелей көру, қабылдау арқылы және 
белгілі бір уақытта басқа орында 
болған объекттің қозғалысы жөнін-
де ой қорытындысы негізінде алады.
Қорғану рефлекстері – организмді 
ішкі және сыртқы ортадан келетін 
қауіп-қатер және зиянды заттардан 
сақтайтын, биологиялық маңызы күш-
ті шартсыз рефлекстер. Құндылық-
тар – адамдардың тарихи тәжірибені 
және белгілі бір этнос мәдениетінің 
мағынасын шоғырландыра көрсете-
тін, осы мәдениортада қалыптасқан 
мінез-құлық пен іс-әрекет түрлері, 
мақсаттар мен нормалар жөніндегі 
жалпыланған түсініктер. Бұл – әрбір 
адамның санасында болатын бағдар-
лар. Белгілі бір қоғамда қабылданған 
құндылықтар жағдайды бағалаудың 
сыртқы сындық белгілері болып та-
былады. Осы белгілерге субъект түрт-
кіні таңдау процесінде сүйенеді.
Құндылықтарда әрбір адамның қай-
таланбас өмірлік тәжірибесінің, қы-
зығушылықтары мен қажеттіліктері-
нің, әдеттерінің ерекшеліктері жинақ-
талған. Құндылықтық бағдарлар –
бұл бекітілген бағдарлардың жүйесі. 
Олар тұлғаны берілген мәдениеттің 
құндылықтарына көңіл аудартады жә-
не тұлғаның өмірлік, мінез-құлықтық 
таңдауларын елеулі анықтайды. Осы 
бағдарларға сүйене отырып, индивид 
белгілі бір мінез-құлықты атқарады. 
Қысымға адаптация – белгілі бір қы-
сымға үйрену, бейімделу. Мыс: адам
үстіндегі киімінің ауырлығына үйрен-
гендіктен, оны сезбей, тек киген кез-
де ғана байқауы мүмкін.
ҚОзУ 
– тірі организмдердің қасие-
ті, қозатын ұлпаның тітіркендіруге 
белсенді жауабы. Жүйке жүйесі үшін 
қозу – негізгі функция. Жүйке жүйе-
сін құрайтын жасушалардың қозуды
ол пайда болған телімнен басқа те-
лімдерге және көрші жасушаларға 
өткізу қасиеті болады. Осының нәти-
жесінде жүйке жасушалары сигнал-
дарды организмнің бір құрылымда-
рынан басқа құрылымдарына беру 
қабілетіне ие болды. Мұның барысын-
да қозу сырттан келетін тітіркендіру-
лердің қасиеттері туралы ақпаратты 
тасымалдаушы және тежелумен бірге 
организмнің барлық органдары мен 
жүйелерінің белсенділігін реттеуші 
болды. Қ. процесі сыртқы стимулдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет