316
1. Адамның
жеке басы мен кісілік
қасиетін көрсететін ашық-жарқынды-
ғы, сенімділігі мен ақпейілділігі;
2. Әріптестерімен жалпы тіл тауып
сөйлесіп, бірін-бірі жете түсінісе алуы
сияқты ұнамды сапалар.
Қатынас жасау адамның даралық мі-
нез қасиеті. Ол келесі сатылардан
тұрады:
1-ші сатысы
өзгелермен Қ.-қ.
орнатуға ниет білдіруі;
2-ші сатыда
қатынас жасайтын әріптестерінің кім-
дер екенін танып білуге ықылас біл-
діріп, олар жайында қажетті мәлімет-
тер алуға ұмтылады.
Әрбір әріптесі
мен өзінің өзара қатынасының нен-
дей рөлдер атқаруы жайлы елестері
пайда болады. Әріптестерінің кімдер
екенін, танып білуге мән беріп, мен
олардың арасында қандай орын ала-
мын деп, өзгелердің пікірімен сана-
сады. Өзін өзгелердің орнына қойып,
ішкі жан дүниесінің
сырына барлау
жасайды.
Мұның бәрін ол өзінің ақыл-мөл-
шерімен таразылап көреді де, ұжым
ішінде өзімнің атқаратын ісім мен
мінез-қылығым қалай болуы керек
деген міндетті шешеді.
3-ші сатыда
қатынас жасаушы серіктері жайында
өзара
тілдесіп, ұғынысудың жолын
іздестіреді. Егер олар тіл табыса ала-
тын белгілі іс-әрекеттерді атқаруға
кіріседі. Іс-әрекет үстінде ұжым ішін-
дегі әріптестерінің кімдер екенін
аңғарып, оларды да, өзін де танып бі-
летіндей деңгейге көтеріледі.
4-ші
сатыда
Қ.-к. жасап, тілдескен әріп-
тестер
нендей істерді атқара алады
және олардың іс-әрекеті мен мінез-
қылығында, қабілетінде нендей жа-
ғымды істері бар, ұнамды қасиеттері
мен олқылықтары кездеседі деген
жайттарды анықтап, кімнің кім еке-
нін білетін болады.
Егер тіл табысып кете алмайтындай
жайттар байқалатын болса, онда қа-
тынасқа түскен адамның өзгелермен
онан әрі Қ.-қ. жасаудың пайдасыз еке-
нін аңғарып, солардан өзін аулақ ұс-
тауға әрекеттенеді.
Дегенмен адам-
ның өзгелермен тілдесіп Қ.-қ. жасай
білуі жалпы адами қасиеттердің аса
қажет түрінің бірі. Қ.-қ. – қажеттілік-
тері әртүрлі адамдардың бір-бірі-
мен пікір алмасуы, бірлесіп шешім
қабылдауы, әңгімелесушіні түсіну
және
қабылдау және де басқа әре-
кеттестіктерді жасау түрлері.
Қарым-қатынастың адекватты стилі –
адамның алдына қойған мақсатына
оңай және тез жетуіне және адамдар-
ға қажетті түрде әсер етуіне, олар-
мен жақсы қарым-қатынасын сақтау-
ға ықпал ететін адамдардың басқа
адамдармен
қарым-қатынас жасау
стилі. Қатынастың жетекші типі –
ортадағы адамдармен нақты жас ша-
ғында жетекші болатын қатынастың
типі. Қатынастың жетекші типінің
ықпалымен адамда негізгі тұлғалық
сапалы қасиеттері қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: