315
ғы жеке даралық айырмашылықтар-
дың көптігінен
әрқашан расталмай-
ды. Бұл белгілер адам организмінің
функционалдық мүмкіншіліктерінің
біртіндеп азаюынан көрініс табады.
Денсаулықтың үдеген әлсіреуі мен
күштің азаюынан басқа,
қарттық
шақ психологиялық өзгерістермен
де сипатталады: мыс, ішкі өмірге ин-
теллектуалдық және эмоциялық «ке-
йіп» өткен өмірді бағалау мен ма-
ғынасын түсінумен байланысты бо-
латын бастан кешірулер.
Қарттық шақта қабылдау процестері
мен қозғалыстық белсенділік біртін-
деп
әлсіреуі интеллект, ес және т.б.
психикалық функциялардағы бірмән-
ді емес өзгерістерді суретімен үйле-
седі. Қарттық шақты тек регрессивті
процестермен ғана байланыстыру
дұрыс емес. Бұл шақтың өзінің же-
тістіктері болады: адамда өмірлік да-
налық, тұлғалық интеграция қалып-
тасады.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС –
біріккен іс-
әрекет қажеттілігін туғызатын, адам-
дар арасындағы байланыстың да-
муын орнататын күрделі
көп жоспар-
лы үрдіс. Адамдардың танымдық
хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі,
бір-бірін қабылдауы. Қ.-қ.-тың үш
жағы бар –
интерактивті, комму-
никативті, перцептивті.
Қ.-қ. дең-
гейлері – мезо, макро, микро, стан-
дартты, шаблонды, жабайы, рухани,
іскер, ойын, т.б. Қ.-қ. түрлері –
әлеуметтік бағдарлаушы, жеке бас-
тық бағдарлаушы, топтық, топ-
аралық
және т.б.
Адамдар арасындағы Қ.-қ. жасау да
аса қажетті шарттың бірі –
сөйлеу-
шілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге,
тыңдаушыларға қалайда жеткізіп,
оларға әсер етуді көздесе, ал тың-
даушылардың Қ.-қ.
орнатудағы сөй-
леуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғы-
нып, оны іс жүзіне асыра білу мәде-
ниеттілігіне байланысты. Бұл жайт-
тан біз Қ.-қ. жасаудың үнемі екіжақ-
ты үрдіс екендігін түсінеміз. Арнайы
жүргізілген зерттеу нәтижелері бо-
йынша адамдардың басым көпшілігі
өзінің 70% (уақытын өзара тілдесіп
қарым-қатынас
жасауға жұмсайды
екен. Ал жетекші қызмет пен басшы-
лық ететін адамдар өздерінің жұмыс
мерзімінің 80%) уақытын осы Қ.-қ.
жасауға жұмсайды.
Тілдесу арқылы адамдар өзара Қ.-қ.
жасап біріне-бірі білдірмек болған
ойын жеткізіп пікір алысады. Қатынас
орнатудың нәтижесінде өзара ықпал
етіп, адамдардың өмір тәжірибесі,
іс-әрекеті, теориялық ой-пайымда-
ры дамиды. Қ.-қ.
орнатудың тиімді
болуы басқарушылар мен бағынушы-
лар, жетекшілер мен атқарушылар
арасындағы түсіністіктің ереже-қа-
ғидаларын қалыптастырып,
әрбір
іс-әрекеттің өнімді де, пайдалы да бо-
лып бітуіне әсер етеді. Қ.-қ. орнату-
дың бірнеше түрлері бар: ресми жә-
не ресмисіз (бейресми). Ресми Қ.-қ.
нақты іске, қызметке байланысты
тілдесулерде адамның шын пиғы-
лы мен сырын ашып көрсетеді. Ресми-
сіз қатынастардың түрлері адамдар
арасындағы достық, сүйіспеншілік
сезімдерге
негізделеді, әріптестер
арасындағы шынайы ниеттерді де
көрсетеді. Шын пиғылды ресмисіз
қатынас орнатудың өзіндік белгілері
бар:
Достарыңызбен бөлісу: