Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет334/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚИЯЛ
ҚИЯЛ


319
ҚИЯЛДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДА-
 
РЫ. 
Қиял түрлі елестеулердің өзге-
ріп, өңделуінің арқасында жасалып 
отырады. Қиялда анализ, синтез әдіс-
тері, агглютинация, схематизация түр-
лі схемалар мен суреттердің акцен-
тировка (образдың типтік басты 
белгілерін жасау) тәсілдері қолда-
нылады. Қиялдағы елестерді топтас-
тырудың қарапайым түрі агглютина-
ция деп аталады. Осы әдіс арқылы 
мифологиялық бейнелер (кентавр, 
сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі меха-
низмдердің машиналардың конструк-
циялары (амфибия – танк, судан өте
алатын жеңіл танк, аэро-шана – су-
ға қонып, ұша алатын самолет) құрас-
тырылады.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын 
әдістердің бірі – гипербола. Гипер-
бола деп нәрсенің жеке сипаттары, 
белгілері үлкейтіліп көрсетілуін ай-
тады. Сөйткенде образ ашық, мәнер-
лі болып шығады, гиперболада бел-
гілі бір бейнелердің алға шығып ай-
қын байқалуына жағдай жасалады. 
Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелер-
ді жасауда гипербола көп қолданы-
лады. Мәселен, Д.Свифтің «Гулли-
вердің саяхатындағы»
ергежейлілер-
дің, В.Маяковскийдің «150000000» 
поэмасындағы капиталистердің кө-
семі В.Вильсонның бейнелері гипер-
бола әдісімен жасаған. Мұнда сон-
дай-ақ тұтас заттың жеке бөліктері-
нің саны өзгертіледі, олардың орны
ауыстырылады. Мәселен, үнді мифо-
логиясындағы көп қолды құдайлар 
мен жеті басты айдаһардың бейне-
лері осылайша құрастырылған.
Қиял бейнелерін жасаудың енді бір 
әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше 
әсерлей көрсету. Карикатуралар мен 
достық әзілдер осылайша жасалына-
ды.
Егер заттардың айырмашылық-
тарын ескермей, оның ұқсастықта-
рына көбірек көңіл бөлетін болса, 
схематизация әдісі қолданылады. Су-
ретшінің өсімдіктер дүниесінің эле-
менттерінен ою қиыстыруы осыған 
мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделі түрі –
типтік образдар жасау. Типтік образ-
дар жасауда бірінші орында нақты 
адамның ортақ бейнелері көзге түсе-
ді: «Бір жұмысшының, поптың, дү-
кенші саудагердің портретін дұрыс 
суреттеп жазу үшін, жүз, екі жүз ша-
малы поп, жұмысшы, саудагерлерді 
қадағалап қарауымыз керек», – дейді 
М.Горький. Типтік образдар жасау 
дегеніміз тұтас бірқатар объектілер-
дің барлығына бірдей, ортақ белгіле-
рі бар бір образ жасап, жанастыру. 
Жазушының осылайша жасаған тип-
тік образы бір жағынан жеке адам-
ның даралық ерекшеліктерін білдіре-
тін образ болып та есептелінеді. Мә-
селен, «Абай» романындағы Құнан-
бай образы сол кездегі үстем тап 
өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес,
сонымен қатар, ол өзіндік психоло-
гиялық қасиеттері бар жеке адамның 
да образы.
Осы әдістер арқылы
айтарлықтай ма-
ңызды шығармашылық қиял образ-
дарын үнемі туғызу қиын. Мәселен, 
агглютинацияда жеке фактілерді зерт-
теу, жинақтау, мәселелердің түпкі ние-
тін көздеу дегендер жетіспей жата-
ды. Сондықтан да творчестволық қиял-
дың жоғары формаларында ғылы-
ми-техникалық көркем әдебиет т.б.
онша көп қолданылмайды. Шығарма-
шылық әрекетте адамдар көбінесеі 
интуицияға жүгініп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет