Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет323/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ 
ПСИХОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ. 
Академик Т.Т.Тәжібаев атындағы 
этнопедагогика мен этнопсихология-
ны оқыту және зерттеу орталығы 1998 
жылы құрылған ұлт психологиясы-
ның мәселелерін зерттейтін Қазақстан-
дағы ғылыми мекеме. 1991 жылы 
құрылған Алматы облыстық «Ұлттық 
тәлім-тәрбие» қауымдастығының заң-
ды мұрагері. Ол халқымыздың ұлт-
тық психологиясының қалыптасу жә-
не даму жолын зерттейтін бірден-бір 
ғылыми мекеме. Оның «Мектептегі 
психология» атты басылымы ай са-
йын шығып тұрады.
Орталық Қазақстандық ұлттық пси-
хология мен педагогиканың өзекті 
мәселелерін зерттеумен айналыса-
ды, республика көлемінде, сондай-ақ
Орталық Азия аймағындағы халық-
тардың осы саладағы ғылыми зерттеу-
лерін үйлестіруге жәрдемдеседі. Ор-
та арнаулы оқу орындары мен жо-
ғары мектепке арналған оқулық-
тармен оқу құралдарын, бағдарла-
малар шығарады. Еліміздің бірнеше
университеттерінде оның филиал-
дары бар. Орталық жанында жалпы-
қалалық әдіснамалық ғылыми семи-
нар жұмыс істейді. Мұнда жыл са-
йын республикалық, аймақтық, халық-
аралық теориялық конференциялар 
ұйымдастырады, «Этнопсихология 
және этнопеда-гогика» атты серия-
лық ғылыми жинақтар шығарды, қа-
зірде оның 20 томы жарық көрді.
Орталықта «Ұлттық және жалпы адам-
заттық мәдениеттің субъекті болып 
табылатын ұлттық тұлғаның қалып-
тасу жолдары» атты тұжырымдама
жасалынып, ол ғылыми айналысқа 
түскен. Оның нәтижелері қазақ этно-
психологиясы мен этнопедагогика-
сының теориялық-әдіснамалық не-
гіздерін жасау ісі жүргізілуде. Ғылы-
ми орталықтың жұмысына жоғары 
оқу орындарының ғалымдары, оқы-
тушылары мен мектеп мұғалімдері, 
білім беру саласының өкілдері қа-
тысады.
ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


310


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет