309
қызмет т.б.) ұлттық психологиялық
ерекшеліктерді ескермей, бұларды
ғылыми тұрғыдан сарапқа салмай
жұмыс жүргізуі қиын екендігі байқа-
ла бастады. Мәселен, осындай ұлт-
тық психологиялық проблемаларға
этнос аралық кикілжің, шиеленістер-
ге жол бермеу, экстремизм мен ұлт-
шылдықтың түрлі көріністеріне тос-
қауыл жасау, әр түрлі этностардың
дәстүр-салты, әдет-ғұрпы, жол-жо-
ралғы, жөн-жосықтарының жан-жү-
йесіне қатысты жақтарын зерттеу
секілді толып жатқан мәселелер атал-
мыш кафедраның көтеретін жүгі бол-
ды. Бұл әсіресе, 300 жылдай ұлттық
рухы құрып кетуге аз-ақ қалған қа-
зақ ұлты үшін аса маңызды үрдіс бо-
латын.
Осы кафедра соңғы 10 жылда этно-
психология саласында біраз еңбек-
тер жариялап, ғылыми конференция-
лар өткізуге мұрындық болды, мұның
отырыстарында 20-дан астам канди-
даттық, 10-ға жуық докторлық диссер-
тациялар талқыланып, қорғауға ұсы-
нылды. Сөйтіп Қазақстанда тұңғыш
құрылған ұлттық психология кафед-
расы өз республикамыздан басқа ор-
талық Азиядағы республикалар үшін
де маңызды рөл атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: