300
ған, олар қалайша сарапталуы керек?
Жеке
басындағы құндылықтар қай
бағыт пен мағынада өзгеруі тиіс?
Бұл бағыттағы іс-шараларды ұйым-
дастыру жұмыстары үнемі бақылау-
да болуы қажет. «Қазақылық» күр-
делі, тұтас, көпвекторлы феномен.
Бұл жерде жас өскін тәрбиесі үшін
ұстаз қауымынан өнегелі тәрбие,
зор білімділік пен ұлттық идеяға не-
гізделген (ақыл-парасат қажет екен-
дігі дау тудырмайды). Қазақтану
бағытының білім беру мен орта мек-
теп аясында
ерекше көңіл бөлетін
ғылыми ізденістері:
1) Әр сынып оқушысының отба-
сындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің жай-
жапсары;
2) Орыс мектептерінде оқитын қазақ
балаларының ұлттық салт-дәстүр
жайлы түсініктері;
3) Аралас мектептерде оқитын қазақ
балаларының қарым-қатынасында-
ғы ұлттық мәселелері;
4) Қазір де «мәңгүрт», «шала», «дүбәрә
қазақ» атанып жүрген қазақтардың
психологиясының дамуына оң, теріс
үдерістері;
5) Мектеп басшыларының (директор,
оның орынбасарлары)
шәкірттерді,
ұлттық қасиеттерді тәрбиелеудегі
жарасымды істері, т.б.
ҚАзАҚТЫҢ өзГЕШЕ МІНЕз-
ДЕРІ.
«Қазақтың өзгеше мінездері»
атты еңбекте Ж. Аймауытов және М.
Әуезов қазақ халқына нақты мінезде-
ме берген. Бірнеше жерде қайтала-
нып айтылатын ұлттық психология-
ның табиғи,
әлеуметтік факторлар-
дың әсерінен қалыптасатыны туралы
тұжырымдары қазіргі этнопсихолог-
тар тұжырымдарына негізінде сәй-
кес келеді. Кейбір этнографтар ұлт-
тық психологияны этностың этника-
лық белгісіне жатқызудың қажеті
жоқ дегенмен, қазіргі этнография ғы-
лымында этнопсихологияға ұлттық
белгі ретінде маңызды орын беріле-
ді.
Этнопсихология, ұлттық мінез
және этнос тақырыптарындағы пі-
кірталастар негізгі этнографиялық
және этнопсихологиялық еңбектерде
жиі кездесетіндіктен этнограф ға-
лымдардың ұлттық психология ұғы-
мына нелерді
кіргізетініне қысқаша
тоқталайық. Әр түрлі ғылымдарда
төмендегі белгілер ұлттық психоло-
гияның элементтері ретінде жиірек
көрсетіледі: ұлттық сезім,
әдет-ғұ-
рып, дағды, көңіл күй, темперамент,
ұлттық игілік, ұлттық символика,
талғам, ерік, т.б. аталады.
Жалпы ойшыл адамға, отаншыл
ағартушыға тән нәрсе – халқының
жақсы
қасиеттерін өткен заманнан,
ертеректегі уақыттан іздеу. Осындай
ерекшеліктер Ж. Аймауытов пен
М. Әуезовтің жас кезіндегі этнопси-
хологиялық сипаты бар көптеген ма-
қалаларынан кездестіреміз. «Қазақтың
өзгеше мінездерінде: «Бұрынғы уа-
қытта қазақ елі ұйымшыл, ері жауын-
гер, биі әділ, намысқой, адамы әрі
бітімді, қайратты, сауықшыл болған
екен.
Досымен достасып, жауымен
жауласуға табанды, қайғыра, қуана да
білетін халық екен», – деп, әрі қарай
бұл ірі қасиеттердің қалыптасу се-
бебіне де тоқталып өткен. Қазақ
халқының өткен дәуірдегі (Ресейге
бодан болғанға дейінгі) ұлттық бей-
несіне басқа мақалаларында да жо-
ғары бағалап, сүйкімді,
ірі мінезде-
Достарыңызбен бөлісу: