Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет302/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАБІ
ҚАБІ


289
леттіліктердің дөңестерін», «атақ-
құмарлық, сараңдық, ерлік және т.б. 
қасиеттердің» дөңестерін бейнелеу-
ге болады деп тұжырымдайды. XIX
ғасырда френология психо-диагнос-
тика әдісі ретінде барынша кеңінен 
қолданылды.
Алайда, бас сүйекке жасалған көп-
теген зерттеулер оның ми қабаты-
ның нысандарын әсте де қайтала-
майтындығын, сондықтан бас сүйек-
тің орталықтары мен дөңестеріне 
қарап адамның ақыл-ой қабілетті-
лігін, мінез ерекшеліктерін анықтау-
ға әрекеттенудің негізсіз және ғы-
лымға мүлде қарсы болатындығын 
көрсетті. Қабілеттілік тұқым қуалау 
арқылы беріледі деген теорияға қа-
рама-қарсы қабілеттілік өмірге кел-
геннен кейін қоршаған орта мен 
тәрбиеге байланыстылығы туралы 
теорияны атауға болады. Бұл тео-
рияны алғаш рет XVIII ғ. ғылымда 
Гельвеций тұжырымдаған болатын. 
Ол қабілеттілікті қалыптастыруда 
тәрбиенің рөлін ерекше бағалады.
Жаңа кезеңде америка ғалымы У.Эш-
би қабілеттіліктер және тіпті дарын-
дылық өмірде қалыптасқан қасиеттер-
ге байланысты екендігін ерекше ата-
ды. Ол мың рет сәтсіздікке ұшырап, 
мың бірінші рет жаңалық ашқан 
адам қабілетті де осыны шешпей тас-
тап кеткен адам – қабілетсіз дейді. 
Психологтардың зерттеулері мен бай-
қаулары қабілеттің биологиялық ал-
ғышарттары болатындығын жоққа
шығармайды. Психолог-ғалымдар 
мидың, жүйке саласының құрылы-
мында туғаннан, тұқым арқылы бе-
рілетін кейбір ерекшеліктер (нышан-
дар) қабілеттіліктердің дамуына қо-
лайлы жағдайлар жасайтындығын 
және ерекше рөл атқаратындығын 
дәлелдеді.
ҚАДАҒАЛАУ ЛОКУСЫ 
– тұлға-
ның өз өміріндегі мәнді оқиғалардың 
себебін өз қылықтары мен мінез-
құлық ерекшеліктеріне балау дәре-
жесі. Кеңестік психологтар тұлғаның 
әр-түрлі тіршілік саласындағы ин-
терналдылық қасиетін анықтау мақ-
сатымен, бастапқы Дж.Роттердің 
қадағалау локусы әдістемесін қайта
құрастырған. Авторлардың пікірін-
ше, субъективтік қадағалау деңгейі –
тұлғааралық қатынастарды қалып-
тастыруға бағытталған, отбасы, өн-
дірістік және т.б. салалардағы шие-
леністі жағдаяттарды шешу тәсілде-
рін реттейтін, тұлғаның жалпылан-
ған сипаттамасы. Бұл әдістеме тұл-
ғаның өзін-өзі танытуынан болып 
жатқан оқиғаларға оның белсенді де
саналы қатынасы арқылы анықтау-
ға мүмкіндік береді. Мұнда оқиға-
лардың негізгі себептері тұлғаның өз 
іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен қы-
лықтарының нәтижелеріне балана-
ды. Осылайша, тұлғаның интернал-
дылық деп аталатын тенденциясы 
оның өзін-өзі танытуына қолайлы 
жағдайлар тудырып, оның жетілген. 
жауапкершілікті және дербес ұс-
танымын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет