Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет397/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МОТИ
МҰҚА


381
бұлардың адамның жан дүниесінде-
гі алатын орнын анықтауға, ойлау 
әрекетінің мән-жайын ашуға арнал-
ған. Автор ақыл-ойдың өрістеп оты-
руын тарихи-этникалық тұрғыдан 
зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам ин-
теллектісінің дамуы оның өмір сүр-
ген ортасына, тіршілік жағдайы 
мен әлеуметтік қарым-қатынасына 
байланысты болып отыратындығын 
қазақ елі өмірінен алынған нақты-
лы деректермен дәлелдейді. Мәсе-
лен, ол қазақ халқының Қазан төң-
керісіне дейінгі өмір тіршілігі мен 
экономикалық жағдайына, әлеумет-
тік ортаға байланысты ақыл-ойы мен 
интеллектісінің дамуындағы бір-
сыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қа-
лыптасу жолын арнайы жүргізілген 
тәжірибелер арқылы сипаттайды, Ол 
халқымыздың ақыл-ойы мен өмір 
тәжірибесінің жиынтығын ғылымда 
продуктивті және рефлексия (ой жү-
йелілігі) деп аталатын ғылыми атау-
лар төңірегінен іздестіреді. Осы ай-
тылған жан қуатының көріністерінің 
айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде 
орын алатынын айта келіп, ғалым өз-
ге кісінің жағдайына көңіл аударып, 
оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-
ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тіл-
де когнитивтік эмпатия деп аталатын 
жан қасиетін Сырым батыр мен жас 
келіншектің арасындағы өткір сөзге 
құрылған диалог арқылы жақсы 
көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адам-
дардың (тәжірибе Қытайдан келген 
қазақтарға жасалынған. – Қ.Ж.) 
ойлау қызметінде де рефлексия бар 
екендігін дәлелдеп, әр халықтың 
тарихи дамуында айналысқан кәсібі 
(қазақтар үшін мал шаруашылы-
ғы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшелік-
терінің қалыптасуына елеулі әсер 
ететіндігін байқаған. Мәселен, тә-
жірибе жасауға қажет болған жағдай-
да олардың май шамның орнына 
тезек отын пайдалануы. Автор оқы-
маған адамдарда теориялық пікір 
айту кездеспейді деу қате, өйткені, 
теорияның төркіні тәжірибеден өр-
біп отырады деп түйіндейді. Зерт-
теуде әр халықтың өмір сүру бары-
сында, тұрмыс-тіршілігінде кездесе-
тін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі 
заттар мен құбылыстардың түр-тү-
сін, жеке қасиеттерін айыра білудегі 
кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған 
жағрапиялық орта, соңдай-ақ таби-
ғаттың экологиялық жағдайлары 
маңызды әсер ететіндігі), адамның 
өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жаз-
ба сөздің ес процесінде тигізетін түр-
лі ықпалы туралы сөз болады.
М.Мұқанов жүргізген ендігі бір 
экспериментте оқымаған сауатсыз 
адамдардың есте сақтау қабілеті күш-
ті болатындығы анықталған. Мәсе-
лен, көшпенді ата-бабаларымыз-
дың тыныс-тіршілігінде жазба де-
ректердің болмауы, түрлі ақпарат 
хабары мөлшерінің аздығы, сезім 
мүшелерін қосарлай пайдалануы 
олардың суырыпсалма, шешендік 
қабілетінің күшті болуы М.Мұқа-
новтың пікірінше ауызекі сөз әлде-
қайда көп сақталады, өйткені ол жиі 
пайдаланылады. Және жұрт бұған 
бар ықылас-ынтасын салады, ал 
жазба сөздің есті онша өсірмейтін-
дігі – оқыған адамның білгендерін 
қағазға (қойын дәптеріне) жазып 
алуға әдеттенгеніне байланысты бол-
са керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет