Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет400/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МҮШЕ
МҮШЕ


384
мүшелдеріне қарай атауды қалып-
тастыруда жыл қайырушылардың 
да кейбір атау сөздері негіз болған. 
Олар бір адамның өмірін, яғни дәуір-
ді – Жас дәурен (50 жасқа дейін), 
Орта жас – (70 жасқа дейін), Қайтқан 
кез (70-тен асқан кез) деп үшке бөліп 
атаған. Сонымен қатар жоғарыда 
айтылған мүшелді – балалық мүше-
лі, жігіт мүшелі, кісілік мүшелі, кәрі-
лік мүшелі, таусыншақ жас деп тағы 
5 топқа бөліп қараған.
Бірінші топтағы балалық мүшелге 
24 жасқа дейін, ІІ топ жігіт мүшелі-
не 25 пен 37 жас арасы, ІІІ топ кісілік 
мүшелге 38 бен 49 аралығы, IV топ 
кәрілік мүшелге 50 жас пен 75 жас 
аралығы, V топ таусыншақ жасқа 76 
жастан әрі қарайғы жастағылар кір-
ген. Адамды жасына қарай атау осы 
бес мүшелдің аяғын 5 топқа бөлінген 
8 мүшелдің ішінен шығады. Мысалы, 
балалық мүшел – Нәресте (2 жасқа 
дейін). Сәби (5 жасқа дейін. Мұны 
Сүндет жасы деп те атайды), Бөбек 
– (8 жасқа дейін), Қыршын (10) жас-
қа дейін, Жеткіншек (13-16 жасқа 
дейін), Қолқанат (16-21 жасқа дейін; 
кейде жасөспірім де 6 шаққа бөлініп 
аталады. Нәресте шақ, Сәби шақ, 
Қолқанат шақ т.б.). Жігіт мүшелін 
– ересек шақ (естияр) – 23-25 аралы-
ғы, Бозбалалық шақ – 25-30 аралы-
ғын, Жігіттік шақ – 30-40 аралығы, 
Ағалық шақ (жігіт ағасы, от ағасы,
ер ағасы, қос ағасы) – 40-50 ара-
лықтарына жіктеген. Кісілік мүше-
лік – «кемелденген шақ» – 60-73 
аралығын, Қайтқан шақ деп – 73-80 
аралығын, кәрілік таусыншақ жас 80 
жастан әрмен қарай. Көшпенді өмір 
тәжірибесінен туындаған қазақы 
жас ерекшеліктерінің жіктелісі қа-
зіргі кездегі адам жасын жіктеуге 
байланысты стандартқа келе бермей-
ді. Сондықтан да біз ұлттық жас жік-
телісін халықтық психологияның де-
ректері ретінде түсінуіміз қажет.
МІНЕз

адамның негізгі өмірлік
бет алысын және оның өзіндік әреке-
тінің айырмашылығын сипаттайтын 
сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиет-
тің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қо-
сындысы, сонымен қатар жеке адам-
ды әр қырынан көрсететін қасиет. 
Мінез бітістері көп. Олардың бәрі
де жеке адамның қасиеттері болып
табылғанмен, мұның кез келгені
мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, 
адамның негізгі тіршілік бағыты-
ның өрнегі деуге болады. Мінезде 
адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасының тарихы бейнеленеді. 
Мінез – кең мағыналы ұғым. Онда
түрлі сапалар тоғысып жатады. Мі-
нездің 
моральдық жағынан тәр- 
биелілігі, бірқалыптылығы, толық- 
тылығы, күші мен айқындығы, сал- 
мақтылығы 
– 
оның негізгі сапалары 
болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген 
мінез адамды мінез-құлық тұрғысы-
нан да, оның айналасымен байла-
нысы тұрғысынан да сипаттап оты-
рады. 
Ізгілік, гуманизм, адамдарға 
қамқорлық, жолдастықты қадір 
тұту, жұртшылық пікірімен санаса 
білушілік, өзінің міндетін орындау- 
дағы жауапкершілік пен адалдық 

мінездің осы сапасының негізгі ком- 
поненттері. Рухани дүниесі бай, 
қажеттері мен қызығулары, талға- 
мы мен ой-өрісі кең адамдарды то- 
лық мінезді адам дейді. 
Мінез сапа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет