Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет401/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МҮШЕ
МІНЕ


385
ларының бірі – оның бірқалыпты-
лығы. Мұндай адам құйындай ұйт-
қып тұрмайды, оның қастерлейтіні 
ылғи да сөз бен істің бірлігі. 
Кімнің 
мінезі толық болса, соның мінезі 
де бірқалыпты келеді. 
Бұл екеуі 
мінездің егіз қозыдай, бірінен екін-
шісі ешқашан ажырамайтын қасиет-
тері. Мінездің тұрақтылығы адам-
ның саяси-моральдық ұғым, түсінік-
терінен туындайды. Бұл қасиеттер 
адамның өмір сүруінің мән-мағына-
сын, әрекетінің мазмұнын белгілей-
тін мінез сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам 
басқалардың жетегінде кетпейді, 
оның өзінің белгілі көзқарасы, прин-
ципі, ұстанымы болады, ол қауіп-
қатерден бой тасаламайды, керек 
жерінде батылдық көрсете біледі. 
Инициатива мен белсенділік, достық
пен жолдастық, адалдық пен шын-
шылдық осындай мінезді адамға 
тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне 
мақсатқа жету жолында алда тұрған 
кедергілерді жеңе білуде көрінетін 
адам ұстамдылығының мөлшері 
жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез 
өз мәнінде болмайды. 
«Бойда қай- 
рат, ойда көз, болмаған соң айтпа 
сөз» 
деп Абай тегіннен тегін айтпа-
ған. Жақсы мінезге тән сапалардың 
біріне оның байсалдылығы жатады. 
Мінез адамның дүниеге көзқарасы 
мен сеніміне байланысып жатса ға-
на онда жоғарыда аталған сапалар 
қоры молаяды. Тек осындай мінезі 
бар адам ғана алдына айқын мақсат 
қоя алады. Соңғысы берік сенімнен 
туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету 
қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны 
сияқты мінезсіз де адам болмайды. 
Жаман болсын, жақсы болсын, әйте-
уір адамда бір мінез бітісі болады. 
Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі са-
палары қиысып келетін үлкен мінез-
ді адамдар жиі кездесе бермейді. 
Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы 
жетпей жатады. Адам сондай-ақ түр-
лі жағдайда түрліше қылық көрсетуі 
де мүмкін. Осыған қарап оның міне-
зі тұрақсыз екен деп бағалай салуға 
болмайды. Өйткені ол әншейінде ба-
тыл, жігерлі болмағанымен, бірде 
осындай қасиеттерімен көзге түсуі
мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиет-
тердің мәні өте зор. Мәселен, барлық 
жерде де адам тәртіп сақтай алатын 
болса, тек сонда ғана тәртіптілікті 
сол кісінің мінез бітісі деп санауға 
болады.
Мінез адамның басқа психикалық 
қасиеттерімен, атап айтқанда, қабі-
лет, темпераментімен тығыз байла-
нысты. Ол әсіресе тілмен тығыз бай-
ланысты. «Адамның мінезінің өзі
тіл арқылы болатын сезімдік қабыл-
дау тудыратын әрекетке сай анық-
талады» деп жазады Ливия халқы-
ның көсемі Муаммар Каддафи.
Адам-
да қабілеттіліктің дамуы кейбір тиіс-
ті мінез бітістерінің болуын қажет 
етеді. Мәселен, табандылық, уақыт-
ша сәтсіздікке мойымау, еңбексүй-
гіштік, энтузиазм сияқты мінез бі-
тістерінің қабілеттер үшін ерекше 
маңызды екендігі түсінікті. Ал тем-
перамент болса, мінез бітістеріне өзін-
дік бояу, реңк береді. Жақсы мінез-
дің ықпалымен темпераменттердің 
де кейбір нашар жақтары өзгеріп 
отырады.
И.П.Павлов адамның мінез бітістерін 
жоғары жүйке қызметінің тума тип-
тері мен өмір сүру барысында қа-
лыптасатын уақытша жүйке бай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет