Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет408/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

МІНЕ
МІНЕ


392
НАҚТЫЛАУ 
– ойлау тәсілдерінің бір 
түрі, абстракциялық ұғымды соған 
сәйкес келетін жеке ұғымдармен 
түсіндіру, яғни жалпы білімді нақты 
жеке жағдайда қолдану оны қайтадан 
талдап, оның жалпы ережелері мен 
қағидаларын жеке-дара ұғымға сай 
келетін белгілерін айрықша көрсетуден 
көрінеді. Мәселен, «ұғым» ойлаудың 
жалпы түрі болса, жеке нақты тұлға 
оның нақтылау түрі болады.
НАМЫСҚОЙЛЫҚ. 
Бұл – әр этнос-
тың өз халқының ар-ожданын, иман-
дылық қадір-қасиетін көздің қара-
шығындай сақтай білуінен, қажетті 
жерінде бұл үшін жанын пида етуден 
көрінетін қасиет.
Қазақ халқы өзінің ұлы мен қызын 
қаршадайынан намысқойлыққа бау-
лып, Отанына, кір жуып, кіндік кескен 
жеріне дақ түсірмеуді қатты ескерткен, 
«арым – жанымның садағасы» – деп,
ар-намысты бәрінен де жоғары баға-
лаған.
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» 
поэмасындағы Баян батырдың інісі 
Ноян жастық пен махаббаттың се-
зім күшін ақылға жеңдіре алмай, 
қолға тұтқын болып түскен қызбен 
бірге қалмақ еліне қашып кетеді. 
Ағайын-туысқандарының «елін са-
тып кетті» деген бір ауыз сөзі намы-
сына тиген Баян батыр оларды қуып
жетіп, өлтіреді. Кешегі Ұлы Отан со-
ғысы кезінде өз ұлтының намысын 
қызғыштай қорыған қазақ жауын-
герлері қаншама! Атышулы Бауыржан 
Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рахым-
жан Қошқарбаевтың намыс сезімі 
қандай жоғары деңгейде болғаны 
белгілі. Осы соғыста жүзге жуық қа-
зақ жауынгерлерінің Кеңес Одағы-
ның Батыры атағын алуы да ұлттық 
намысқойлығымыздың белгісі емес 
пе? Қазақ халқының арғы-бергі та-
рихынан мұндай мысалды көптеп 
табуға болады. Мәселен, 1986 жылғы 
17–18 желтоқсанда қазақ жастары
жүрек әмірімен ұлттық намысты 
қорғап, халқымыздың ардагер ұлы 
Дінмұхамед Қонаев (1912-1993) жұ-
мыстан алынғаңда оның орнына Қа-
зақстанның басшысы қазақ ұлтынан, 
не болмаса қазақстандық болсын деп 
заңды талап қойған жоқ па? Осынау 
әділетті талап-тілек аяққа тапталып, 
арты қанды қырғынға ұласып, қаншама 
адам қаза болды?! Қазақ қыздарына 
қол жұмсап жатқан қарулы милиция 
қызметкерлерінің анайы ісіне шыдай 
алмаған Қайрат Рысқұлбеков жігіттік 
намыспен арашаға түскені үшін аяусыз 
жазаланып, өмірін қиды. Ол өлімге 
қасқая қарсы қарап тұрып, тергеушілер 
алдыңда басын имеді. Оның «Атам 
десең атындар, Еркек тоқты – құрбан-
дық» – деген сөзі кейін нақылға ай-
налып, ұлт намысын қозғаудың та-
маша ұраны болды. Қайраттың осы-
нау жүректілігі ұрпақтан-ұрпаққа үл-
гі боларлық, ұлттық намысты жаны-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет