391
аналарының немесе үлкендердің ті-
келей ықпалымен дамиды.
Үлкендер, ата-аналар тарапынан ба-
лаға
жақсы көңіл бөлінген жағдай-
да сәбидің бойында жағымды мінез
бітістері қалыптасады, егер баланың
жан-жақты дамуына, қалыптасуына
қолайлы жағдай жасалмаған жағдай-
да жағымсыз мінез бітістері дами-
ды.
Мейірімділік, өнегелілік, тілал-
ғыштық, кішіпейілділік сияқты мі-
нез бітістері
балаға дұрыс қарым-
қатынастың, ерекше мән берудің нә-
тижесі, сондай-ақ ата-ананың тұйық-
тық, мінез бітістері – баламен жа-
ғымсыз қарым-қатынастың келеңсіз
нәтижесі.
Адамдардың мінездері олардың тем-
пераменті сияқты типтерге бөлінеді,
бірақ мінездердің жіктелуінің тем-
перамент типтерінен елеулі айырма-
шылығы бар.
Егер де темперамент
қасиеттерінің айқын бірігіп келуі
темпераменттік типтері деп аталса,
айқын байқалатын мінез бітістері ак-
центуациялар деп аталады. Бұл ұғым
«акцент» – қазақшалағанда бөліп көр-
сету, атап көрсету мағына-сында қол-
данылады. Бірақ тәжірибеде «акцен-
туация» ұғымы адамда бір ғана емес,
бірнеше әртүрлі бітістердің байқа-
луын білдіреді.
Мақал-мәтелдер – халықтың мораль-
дік кодексі, тәрбие қағидасы, атаның
ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті.
Халықтық педагогика – ғасырлар бо-
йы
қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келе жатқан халық дана-
лығы, тәрбие тағылымы. Халық да-
налығында мінез бітістері туралы не-
бір
тамаша ойлар мен тұжырымдар
айтылған: «Баланы туады екенсіз,
мінезді тумайды екенсің», «Сүтпен
кірген мінез, сүйекпен кетеді» (Бұл
да бір жақты мақал, табиғи тұрғыдан
дұрыс болғанмен, мінездің жағымды
жақтарын тәрбиелеуге, қалыптасты-
руға болады), «Жақсы мінез – жар-
ты ырыс» дейтін халқымыз жұғымды-
лықтың пайдалы екенін көрсетеді.
Талай мінезді асқындырып алып, тыя
алмай жүретініміз әлі бар. «Тұрпайы
мінез – тағы жат, надандықтың белгі-
сі» деп ұлан атанып қалғандарға құ-
лаққағыс жасау қандай орынды. Әдеп-
тілік
пен сыпайыгершілікке, биязы
мінезге шақырудың бір әдісі мінез
өзгерісіне ауысқан жеткіншектің қы-
тығына тимей, жанама ақыл айтқан
жөн.
Нені болсын, дүние
сырының қан-
дайын болсын «Адам туа білмейді,
жүре біледі», – дейді халық даналы-
ғы. Қысқасы, халық педагогикасы –
ұлт психологиясының айнасы. Ха-
лықтың тарихи мінез-құлқының руха-
ни жақтаушысы осы қалыптасқан
мінез-құлықтың игі дәстүрлерін сақ-
таушы және дамытушы. Өз педа-
гогикасын тудырған халық әр дәуір-
дегі
буын-буын ата-аналар арқылы
сөзбен де, парасатты мінезбен де ұр-
пағын игілікке тәрбелеген.
Достарыңызбен бөлісу: