ОБСЕССИВТІЛІК – қажетті емес
жағдайларда түрлі күйзелістер мен
әрекеттердің орынсыз көрінуі. Мы-
салы: қолды орынсыз жиі жуу, 13
санынан корқу, рак ауруының атауы
үш әріптен тұратыны т.с.с. О. көпте-
ген ауру адамдарға тән және ол жал-
пы психикалық апатия өзіне деген
сенімсіздікпен, мазасызданумен си-
патталады.
ОЙЛАУ – сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының байланыс-қаты-
настарының мида жалпылай және
жанама түрде сөз арқылы бейнеле-
нуі. Біздің қоршаған дүние туралы
білімдеріміз түйсік пен қабылдаудан
басталады. Бірақ таным олармен ғана
шектелмейді. Түйсіктер мен қабылдау
арқылы алынған мәліметтер сезімдік
шектен шығып, ойлау арқылы біздің
таным шекарамызды кеңейтеді. Се-
бебі, ойлауда қабылдауда берілмеген
нәрсені ой қорытындылары арқылы
жанама түрде ашуға мүмкіндік беретін
қасиет болады.
О. негізінде адамның қоршаған дүние
жөніндегі танымы тереңдей түседі.
Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние
құбылыстарының жеке қасиеттерін
көбіне ретсіз кездейсоқ түрде бей-
нелендіреді. Ал ойлау адамға заттар
мен құбылыстардың қасиеттері мен
олардың өзара қатынастарын салыс-
тырып, ажыратуға, олардың сезімдік
түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа
қатынастары мен қырларын ашады.
Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы
алынған мәліметтерді өңдейді. Соны-
мен, жекеден жалпыға және жалпыдан
қайта жекеге көпсатылы ауысу ерек-
ше психикалық процесс – ойлау негі-
зінде жүзеге асады.
О. процесі елестермен де тығыз бай-
ланысты. О. проблемасын қарастыр-
ған А.А.Смирнов ойлау және интел-
лектуалдық процестердің ассоциатив-
ті ағымын ажырату қажеттілігін атап
көрсеткен. Мұның себебі ойлау іс-әре-
кетінде біз ассоциацияларды өте кең
қолданамыз – олар ойлау есептерін
шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мы-
салы, біз қазір тап болған жағдайға
ұқсас оқиғаларды жиі арнайы еске
түсіреміз. Мұнда пайда болған ассо-
циациялар біздің ой мәселесін ше-
шуімізде пайдаланылады. Олар бізді
одан алыстатпай, оның жауабына, ше-
шіміне жақындатады. Адамның ойы
әрқашан да сөз арқылы білдіріледі.
Біреу екінші біреуге пікірін білдір-
генде, өзін естісін деп дауыстап сөй-
лейді.
Ой толық сөз күйінде білдірілгенде
ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлел-
дене түседі. О. мен сөйлеуді бірдей
деп, бұлардың арасына теңдік белгісін
қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені
бейнелеудің ең жоғарғы формасы
болса, ал сөз ойды басқа адамдарға
жеткізетін құрал болып табылады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ой-